«ОҚМА» АҚ-ға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессор, PhD Ж.Жеңістің академиялық ұтқырлығы

15.06–19.06.2021ж. аралығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум негізінде академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру мақсатында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дәрілік өсімдіктер ғылыми–зерттеу орталығының» директоры, профессор, PhD Жанар Жеңістің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша фармакогнозия кафедрасының ПОҚ, магистранттары мен ОҚМА «Дәрілік өсімдіктер ғылыми-зерттеу» зертханасының қызметкерлеріне «Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарын зерттеу», «Магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының методологиясы», «Қазақстандағы дәрілік өсімдіктердің фармакологиялық белсенділігі», «Ғылыми жобаларды құру бағыттары» тақырыптары бойынша семинар–тренинг өткізді, «Фитохимический состав и биологическая автивность видов Artemisia из Казахстана» жобасы бойынша жасалынып жатқан жұмыстары жайлы ақпарат берді.

1731 1

Ғылыми ізденіс жұмыстары бойынша дәрілік өсімдік шикізатын зерттеу және жинау мақсатында Ж.Жеңістің қатысуымен фармакогнозия кафедра ұжымы, магистранттары және ДӨҒЗЗ қызметкерлерімен бірлесе отырып экспедиция ұйымдастырылды. Сонымен қатар экспедицияға "Орда" университетінің профессоры, б.ғ.к., геоботаник Т.С.Ибрагимов шақыртылды. Экспедиция барысында Батыс Тянь-Шань тау жотасы флорасымен танысып, ДӨҒЗЗ жүргізіліп жатқан дәрілік өсімдік шикізаттары жиналды.

1731 2

Профессор Жанар Жеңіс ОҚМА бірінші проректоры м.ғ.к., проф. М.М.Есиркеповпен кездесті. Кездесу барысында фармакогнозия кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.к., проф. м.а. К.К.Орынбасарова екі зерттеу орталықтарының болашақтағы жобалары жайлы сөз қозғады.

1731 3

ОҚМА «Дәрілік өсімдіктер ғылыми–зерттеу зертханасы» мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Дәрілік өсімдіктер ғылыми–зерттеу орталығы» арасында жол картасы түзіліп, келесі оқу жылдарында бірлесе отыра ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізу көзделуде.

24.06.2021, 04:27
480 қаралым