Никотинді - дәруменге алмастыр

Жасөспірімдердің темекі шегуі қазіргі уақытта маңызды медициналық- әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық проблемалардың бірі болып табылады. Мектеп оқушылары арасында электронды темекі шегу сәнге айналуда. Вейптар мен электрондық темекілер кәмелетке толмаған жастар үшін қауіпті. Темекі бұйымдары сияқты көптеген қоспалардың құрамында никотин болады, сондықтан ағзаға теріс әсердің барлық нысандары вейпке бейім келеді.
Жасөспірімдік кезең – физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдағы ерекше кезең. Зиянды әдеттердің қалыптасуы белгілі бір әлеуметтік және дербес алғышарттармен байланысты. Жасөсіпірімдер темекі шеге бастаудың қызығушылық, достары мен ересектердің үлгісі, заманауи болмай қалудан қорқу, қатарластарынан қалып қою сияқты себептерін атап өтеді.
Мақсаты: Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу, электронды темекіні пайдаланудың алдын алу.
Әр ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени, ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Осы мәселеге орай 22 қараша күні «ОҚМА» АҚ «Педиатрия-2» кафедрасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы №65 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп гимназиясында 9,10- сынып ұл балаларының қатысуымен темекі шегудің зияны туралы "Никотинді – дәруменге алмастыр" іс-шарасы өткізілді. Аталған іс-шараға кафедра ассистенттері мен 4-ші және 5-ші курс білім алушылары қатысты.
Іс-шараның басында алғашқы сөз кезегі «Педиатрия-2»кафедрасының ассистенттері Онласбекова Г.М, Адильбекова А.Т берілді.
Никотиннің зардаптары тақырыбында презентацияны ЖМҚБ 08-19 тобының білім алушылары Әділов Н М және Кеңесбекова Г Н қорғады.
"Жалғыз баласына үлкен үміт артқан ана" монологын ЖМҚБ 08-19 тобының білім алушысы Халикулова Ф А оқыды.
Іс-шараның соңында оқушылармен кері байланыс жүргізілді, оқушылар өздері қызығушылық танытқан сұрақтарын қойды. Оқушылардың қолына жеке брошюралар таратылды.
Мектеп әкімшілігі тарапынан іс шараны өткізген ОҚМА білім алушыларына және кафедра ұжымына зор ризашылықтарын білдірді.

09.12.2022, 15:21
654 қаралым