Өндірістік тәжірибедегі кәсіби құзыреттіліктерді тереңдетіп бекіту
6В10106 «Фармация» білім беру бағдарламасының 4,5 курс студенттері дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау өндірістік тәжірибесін Алматы, Қарағанды және Тараз қалаларындағы «Дәрілік затттар мен медициналық бұйымдардың сапасын сараптау Ұлттық орталығында» өтті.
Қазіргі заманғы жоғары технологиялық жабдықтарда практиканттар Еуразиялық экономикалық одағы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясының нормативтік құжаттары, халықаралық, мемлекетаралық және Ұлттық Қағидалардың, Денсаулық сақтау және дәрілік заттар айналымы саласындағы талаптарды белгілейтін директивалар мен нормалардың талаптарына сәйкес дәрілік заттарға физикалық, химиялық және физика-химиялық талдауды орындады.
Студенттер әртүрлі дәрілік препараттарға заманауи жоғары дәлдікті құрылғылармен талдаулар жүргізді: РР 50 «Сарториус» рН метрі, Nicolet 380 «Thermo Ficher Scientific» Фурье түрлендіргіш ИҚ-спектрометрі, Cammag жұқа қабатты хроматографияға арналған аппаратура, балқу температурасын анықтауға арналған прибор, СМ-3 айналмалы поляриметр, Axiostar Plus микроокулярмен бірге зертханалық бинокулярлы микроскоп, «UV-Vis Evolution 300» спектрофотометрі, «Agilent technologies» жоғары эффективті сұйықтық хроматографы және т.б. Дәрілік препараттардың микробиологиялық тазалығын бақылау жүйесі және токсикологиялық бөлімшесінің қызметімен танысты.
Тәжірибе өту кезінде студенттер толық көлемде өндірістік тәжірибенің жұмыс бағдарламасын орындады. Мекемедегі ішкі еңбек тәртібін орындады, еңбек қорғанысының нормалары мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтады, тәжірибе барысында өндірістік тәжірибе бойынша электрондық күнделіктерді безендірді және тәжірибе нәтижесі туралы есептерді толтырды.
Нәтижесінде, тәжірибе студенттерге дәрілік заттар сапасын бақылау саласындағы жалпы және кәсіби құзіреттіліктері мен командада жұмыс жасауға қажетті коммуникативті дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы Академия әкімшілігі мен практиканттар өндірістік тәжірибе өткен база жетекшілеріне өндірістік тәжірибенің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы мен қанық мазмұндылығы үшін үлкен алғысын білдіреді:
• Алматы қ. бойынша ДЗСҰО басшысы А.Т. Кабденова мен бөлімше координаторы А.А. Жансеркенова, I санатты маман Б.М Жуматаевқа;
• Қарағанды қ. бойынша ДЗСҰО басшысы Т.С Зейнелов пен бөлімше координаторы Н.Н. Архиповаға;
• Тараз қ. бойынша ДЗСҰО басшысы Х.А. Даурбаева мен бөлімше координаторы А.Д. Байтемирова, I санатты маман Б.Б. Қаракойшиеваға.