Өндірістік тәжірибе – кәсіптік дағдыларды негізі
13.10.2022 жылы «Дәрілер технологиясы» және «Фармакогнозия» кафедраларының бастауымен ОҚМА акт залында онлайн және ZOOM бағдарласмасында оффлайн форматында "Өндірістік тәжірибе – кәсіптік дағдылар негізі" оқу – өндірістік практикасының қорытындылары бойынша әдістемелік конференция өткізілді.
Кафедра ПОҚ басшылығымен 2, 3 және 4 курс студенттері баяндамалар мен демонстрациялық баннерлер дайындады.
«Мамандыққа кіріспе» пәні бойынша 2 курс және «Дәрілік түрлер технологиясы» пәні бойынша 3 курс студенттері оқу тәжірибесін Шымкент қаласының келесі базаларында өтті:
- ЖШС «ТИН» дәріханасы;
- ЖШС «ЮгМедФарм» дәріханасы;
- ЖШС «Рецепт» дәріханасы;
- Облыстық клиникалық аурухана дәріханасы;
- №2 қалалық аурухана дәріханасы.
«Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәні бойынша 4 курс студеттерінің өндірістік өндірістік тәжірибесі ҚР және басқа да көршілес елдердегі ОҚМА әріптес оқу орындарында өтті:
- АҚ «Химфарм» (Шымкент қ., ҚР);
- ЖШС «ЭкоФарм Интернейшнл» (Шымкент қ., ҚР);
- ЖШС «Фито - Апифарм» (Шымкент қ., ҚР);
- С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (Алматы қ., ҚР);
- Абу Али Ибни Сино атындағы ТММУ (Душанбе қ., ТР);
- ТашФармИ, (Ташкент қ., ӨР).
Өндірістік тәжірибе нәтижесінде АҚ «Химфарм» директоры Р.Ш.Байгарин «Дәрілер технологиясы» кафедрасына және арнайы кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Б.А.Сағындықоваға студенттердің біліктілігі мен жоғары деңгейдегі дайындығы үшін өз алғысын білдірді.
Студенттер оқу-өндірістік тәжірибе барысында игерген дағдылары мен біліктіліктері жайлы конференция барысында есеп берді.
Конференцияда келесі студенттер өз баяндамаларын қорғады:
1. Бегман А., Менісбек Д. - 5 курс студенттері
«Организация и проведение производственной практики по промышленной технологии лекарств на базе ТГМУ имени Абу Али Ибни Сино»
Жетекшілері:
Сағындықова Б.А., фарм.ғ.д, профессор, дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, ОҚМА, Шымкент қ., ҚР.
Сафарзода Р.Ш.– фарм.ғ.к., доцент, фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, Абу Али Ибни Сино атындағы ТММУ, Душанбе қ., ТР.
2. Махмудбекова Ж., Тажибаев Н. – 5 курс суденттері «Организация и проведение производственной практики по промышленной технологии лекарств на базе ТашФармИ, г.Ташкент»
Жетекшілері:
Анарбаева Р.М., фарм.ғ.к., дәрілер технологиясы кафедрасының профессор м.а., ОҚМА, Шымкент қ., ҚР.
Максудова Ф.Х.– фарм.ғ.к., дәрілік құралдардың өндірістік технологиясы кафедрасының меңгерушісі, ТашФармИ, Ташкент қ., ӨР.
3. Акимбаева А. –5 курс студенті
«Организация и проведение производственной практики по промышленной технологии лекарств на базе КазНМУ им. С.Д,Асфендиярова, г.Алматы»
Жетекшілері:
Асылова Н.А., мед.ғ.магистрі, дәрілер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ОҚМА, Шымкент қ., ҚР.
Елекен Г.К.– фармацевтикалық технология кафедрасының РhD, С.Д,Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Алматы қ., ҚР.
4. Нұрлыбек А. – 3 курс студенті
«Организация и проведение ознакомительной учебной практики на базах г.Шымкент»
Жетекшілері:
Нурбаева С.Е., дәрілер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ОҚМА, Шымкент қ., ҚР.
Тюльбашева К.Н.– Облыстық клиникалық аурухана дәріханасының меңгерушісі, Шымкент қ., ҚР.
5. Адилбекова А.М. - 4 курс студенті
«Организация и проведение учебной практики по технологии лекарственных форм на базах г.Шымкент»
Жетекшілері:
Жарылқасын А.Н. - мед.ғ.магистрі, дәрілер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ОҚМА, Шымкент қ., ҚР.
Молдабеков Е.Т.– №2 қалалық аурухана дәріханасының меңгерушісі, Шымкент қ., ҚР.
6. Абилхайр А. – 5 курс студенті
«Организация и проведение производственной практики по промышленной технологии лекарств на базах г.Шымкент»
Жетекшілері:
Иманалиева С.М., мед.ғ.магистрі, дәрілер технологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ОҚМА, Шымкент қ., ҚР.
Кульбаев Р.Б.– ЖШС «Фито-Апифарм» өндіріс бөлімінің бастығы, Шымкент қ., ҚР.
Конференция соңында дәрілер технологиясы кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Б.А.Сағындықова қорытынды сөз сөйледі.