«Өндірістік тәжірибе – кәсіптік дағдылар негізі» халықаралық әдістемелік конференция
Фармакогнозия және дәрілер технология кафедрасы online және offline форматта 2022 жылдың 13 қазан күні «Өндірістік практика – кәсіптік құзыреттіліктің негізі» атты халықаралық әдістемелік конференция өткізді.
Конференцияға «Фармация» мамандығының 2, 4, 5 курс білім алушылары қатысты. Олар «Ботаника» және «Фармакогнозия» пәндерінен оқу – өндірістік практика барысында Ынтымақ және Төлеби ауданы, Қасқасу шатқалындағы «Дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және өңдеу бойынша оқу-кәсіптік базасында», Пятигорск қаласындағы Пятигорск медико-фармацевтикалық институтында, Уфа қаласындағы Башқұрт мемлекеттік медициналық университетінде, Ташкент қаласындағы Ташкент фармацевтикалық институтында және Душанбе қаласындағы Абу али ибни Сина атындағы Тәджікістан мемлекеттік медицина университетінде атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді.
Конференция бағдарламасына сәйкес студент-практиканттар, академияның ПОҚ және ZOOM платформасында online режимде өндірістік базаларынан қатысқан практиканың жетекшілерімен бірге алдағы мақсаттар мен міндеттер, іс-тәжірибенің орындалу барысын және практиканың есебін талқылады.
«Ботаника» және «Фармакогнозия» пәндерінен Ынтымақ және Төлеби ауданы, Қасқасу шатқалындағы «Дәрілік өсімдіктерді өсіру, жинау және өңдеу бойынша оқу-кәсіптік базасында» жасаған жұмыстардың нәтижесін 2 курс білім алушысы Баймырзаева А. көрсетті Практика барысында білім алушылар культивациялау, GACP бойынша дәрілік өсімдіктерді күтіп-баптау әдістерін талқылады. Сонымен қатар жинау – кептірудің арнайы әдістерін және алғашқы өңдеу жолдарымен танысты.
4 курс білім алушылары Исабаева Д. Және Намазбай С. Ташкент қаласындағы Ташкент фармацевтикалық институтының базасында өткізген фармакогнозия өндірістік практиканың нәтижелерін баяндады. Практика барысында жабайы және культивацияланған дәрілік өсімдіктер туралы теориялық білімді, дәрілік өсімдіктердің шикізатын дайындау, сақтау және өңдеу сұрақтары бойынша теориялық білімдерін шындады.
Абу-али-ибни-Сина атындағы Тәджікістан мемлкеттік медицна университетінің базасында практика бойынша атқарған іс-шаралардың нәтижесін 4 курс білім алушысы Кауканова А. паш етті.
Башқұрт мемлекеттік медицина университетінің базасында практика бойынша жасаған іс-шаралардың нәтижесін 5 курс білім алушысы Бескенова С. баяндады. Башқұрт мемлекеттік университеттің базасында лимонарийде өсімдіктерді өсіру технологиясымен, ботаникалық бақтың ғылыми жобаларымен, коллекциялық үлескімен танысты.
Пятигорск медико-фармацевтикалық институттың базасында өткізген практиканың есебін Тұрсынбай Б., Атырхан А. көрсетті. Практика барысында Солтүстік Кавказ флорасындағы дәрілік өсімдіктердің экологиясы және өсу жағдайымен, ботаникалық бақта өсімдіктерді өсіру мүмкіндіктерімен, қоры шектеулі және өсу ареалы шағын дәрілік өсімдіктерді қолдан өсіру тәжірибесімен танысты.
Конференция барысында практиканың өзекті сұрақтары талқыланды, сыртқы базаларда өтетін ПОҚ және білім алушының академиялық ұтқырлықтың тиімді жақтары айтылды.
Конференцияның нәтижесі бойынша 2021-2022 оқу жылында өткізген оқу – өндірістік практиканың нәтижесі жемісті болды.
Фармакогнозия кафедрасының ұжымы практиканы өткізуге қолайлы жағдай жасаған және фармация саласында құзыретті маман дайындауға ат салысу барысында нәтижелі бірігей қызметі үшін өндірістік практиканың ішкі және сыртқы базалардың басшыларына үлкен алғыс білдіреді.