ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ – БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖОҒАРЫЛАТУ ҚҰРАЛЫ

Ағымдағы жылғы 17 маусым күні фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚМА фармация факультетінің 5 курс студенттерінің өндірістік тәжірибе нәтижесі бойынша әдістемелік конференция өткізілді.

Өзінің сөзінде профессор С.К. Ордабаева студенттердің өндірістік тәжірибесі білім беру процесінің маңызды бөлігі болып табылатынын және студенттердің бүкіл оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын бекіту мен тереңдетуге, сондай-ақ алған мамандығы бойынша кәсіби машықтар мен дағдылар жүйесін және кәсіби қызмет тәжірибесін игеруге бағытталғанын атап өтті.

Конференция бағдарламасы оффлайн және онлайн режимінде ZOOM платформасының ресурстары мен құралдарын пайдалана отырып, конференцияны қашықтықтан өткізуге қатысқан студент-практиканттармен, академия оқытушылары және өндірістік мекемелердің практика жетекшілерімен бірге орындалған өндірістік жұмыстардың мақсаттарын, міндеттерін, орындалу процесі және өндірістік тәжірибе қорытындыларын талқылаудан тұрды.
Фармация факультетінің 5 курс студенттері өндірістік тәжірибе қорытындыларымен бөлісіп, оқытушылардың жетекшілігімен баяндамалар, презентациялар және баннерлер дайындады.

«Токсикологиялық химия» өндірістік тәжірибесі бойынша тәжірибе базалары келесілер болып табылды:
1. ҚР ӘМ "Сот сараптамалар орталығы" РМҚК филиалы сот сараптамалары Институты (Шымкент, ҚР);
2. «Т.О.Орынбаев атындағы гипербарикалық оксигенация орталығы» (Шымкент, ҚР);
3. «Психикалық денсаулық орталығы» (Шымкент, ҚР).

Тәжірибе туралы қызықты және мазмұнды презентацияны 5 курс студенттері Төлеген Ж., Абу А. ұсынды. Онда «ұшқыш», «дәрілік», «металдық» уларға, пестицидтерге, күйдіргіш сілтілерге, қышқылдарға және т. б. химиялық-токсикологиялық зерттеулерге сот-медициналық сараптама жүргізу, оқшаулау, идентификациялау және сандық анықтауды хромогендік және микрокристаллоскопиялық реакциялармен, хроматографиялық және спектрлік әдістермен анықтау бойынша практикалық дағдыларды бекіту туралы айтылды.

5 курс студенттері Искоева А., Абдузайрова А. төмендегі базаларда өткен «Дәрілік заттар сапасын бақылау және стандарттау» өндірістік тәжірибесі нәтижесі туралы баяндады:
1. «Химфарм – Santo Member of Pholpharma Group» АҚ (Шымкент, ҚР);
2.ТОО «ЭкоФарм Интернейшнл» (Шымкент, ҚР);

Алматы қаласындағы «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК базасының сынақ зертханаларында өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу туралы 5 курс студенттері Қалжан А., Шәкірхожа Ш., Амангелді И., Қарағанды қаласы бойынша Маужан Ш., Әбілова А., Тараз қаласы бойынша Нахыпбекова Д., Тажен А., Алиакбаров Б., ал Ташкент фармацевтикалық институты, дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы базасы «DVSIM» (Ташкент, ӨзР) бойынша студенттер Биболат Ж., Тұрсынбек О баяндады.

Ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес академия студенттері Сеченов университеті А.П.Нелюбин атындағы фармация Институтындағы А.П.Арзамасцев атындағы фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедра базасында өндірістік тәжірибені өтіп келді.
Сеченов университетінде өткен өндірістік тәжірибе туралы өз әсерлерімен Рүстембекова А., Төреханова К., Жолдасбекова М. бөлісті. Аудиторияны Сеченов университеті базасындағы өндірістік тәжірибенің қорытындылары туралы студенттер дайындаған презентациясы мен бейне-трейлері таң қалдырды.

Практиканттарға Мәскеу Денсаулық сақтау департаменті, ДСМБМ «И.В. Давыдовский атындағы ҚКА» дербестендірілген медицина орталығының фармакокинетика зертханасының базасында ЖҚХ және ЖЭСХ-МС/МС әдістерімен дәрілік заттардың тұрақтылығына стресс-сынақтар жүргізу мүмкіндігі берілді, сонымен қатар фармацевтикалық сараптама орталығының (Сколтех, Сколково) сынақ зертханасының негізінде жұмыс істеуге мүмкіндік берді, онда студенттер салыстырмалы еріту кинетикасын – ультракүлгін спектрофотометрия әдісімен in vitro дәрілік препаратының биоэквиваленттілігін бағалау тестін өткізді.
Студенттердің сөзінен кейін базалардың практика жетекшілері өндірістік тәжірибені өткізу туралы өз әсерлерімен бөлісті.

Қарағанды қ. бойынша ҚР ДСМ «ММБ және ДЗСҰО» бөлімшесінің үйлестірушісі Н. Н.Архипова конференцияны өткізудің ыңғайлы форматын атап өтті, онда басшылар мен студенттердің бетпе-бет және қашықтықтан өзара әрекеттесу алгоритмі, презентацияларға, постерлік баяндамаларға қолжетімділікті қамтамасыз ететін цифрлық коммуникация, бейне байланыс құралдарын пайдалану, сұрақтар қою және талқылауға қатысу мүмкіндігі бар. Архипова Н.Н. студенттер үшін алған мамандығы бойынша кәсіби машықтар мен дағдыларды меңгеру, машықтанушылардың тәртіптілігі, жауапкершілігі, практикалық даярлықтың жақсы деңгейі тұрғысынан практиканың зор маңыздылығын атап өтті.
Фарм.ғ.д., профессор Мавлянова М.Б. 2018 жылдан басталған ОҚМА және ТашФармИ кафедралары арасындағы өзара келісімнің оң тәжірибесін атап өтті, әріптес «DVSIM» дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығының өндірістік практикадан өту үшін үлкен мүмкіндіктері туралы айтты, дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау саласындағы практиканттардың профессионалды дағдыларының жақсы деңгейін атап өтті, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге тілек білдірді.

Тараз қ. бойынша ҚР ДСМ «ММБ және ДЗСҰО» бөлімінің басшысы Х.А. Даурбаева конференцияны қолжетімді, қызықты форматта ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді, студенттердің жақсы коммуникативтік қасиеттерін, тақырыптар мен сұрақтарды талқылауға қызығушылығын, дәрілік заттардың сапасын бақылаудың кәсіби дағдыларын атап өтті.
Мельников Е.С., фарм.ғ.к., Сеченов университетінің доценті жоғары оқу орындары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың жоғары деңгейін, студенттердің заманауи жабдықта жақсы теориялық және практикалық жұмыс істеу дағдыларын атап өтті.

Жұмыс бағдарламасына және өндірістік практиканы өткізу кестесіне сәйкес практиканттар дәрілік заттарды фармацевтикалық талдау саласында жұмыстарды орындады. Студенттер ҚР дәрілік заттардың сапасын бақылауды реттейтін нормативтік құжаттамамен танысты, субстанциялардың, таблеткалардың, капсулалардың, инъекциялық ерітінділердің толық фармакопеялық талдауын орындады, Талдаудың химиялық, физикалық және физика-химиялық әдістерін жүргізу дағдыларын бекітті.
Практикадан өту кезінде студенттер жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен дәрілік заттардың толық физикалық, химиялық және физика-химиялық талдауын орындай отырып, өздерінің теориялық білімдерін көрсетті және практикалық дағдыларын бекітті.
Студенттер өндірістік практика бағдарламасын толық көлемде орындады, ал өзіміздің жоғары оқу орнына оралғаннан кейін өткізілген практика, алған дағдылары туралы әсерлерімен бөлісті, практиканы ұйымдастыру мен өткізудің жоғары деңгейін, сондай-ақ фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының зертханаларының озық жабдықталуын, зертханалық жұмыстардың едәуір санын жүргізу мүмкіндігін атап өтті.

Профессор Ордабаева С.К. конференцияны қорытындылап, барлық қатысушыларға - практиканттарға, жұмыс берушілерге, оқытушылар мен қызметкерлерге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының ұжымы практиканттарға жауапкершілікпен қарағаны, өндірістік практикадан өтуге жағдай жасағаны және денсаулық сақтау үшін білікті мамандарды даярлауға бірлесіп үлес қосқаны үшін өндірістік практиканың барлық базаларына шынайы алғысын білдіреді.

01.07.2022, 14:19
504 қаралым