Назарбаев зияткерлік мектебінде жоғары сынып оқушыларымен «Менің мамандығым - дәрігер» тақырыбында кездесу
Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к профессор Г.Н Абуова және кафедра ассистенті Д.К Садыхова, Назарбаев зияткерлік мектеп басшылығының шақыруымен, жоғары сынып оқушыларының арасында «Менің мамандығым - дәрігер» тақырыбында кездесу өткізді.
ОҚМА оқытушылары жылы да сындарлы атмосферада, дәрігер мамандығының беделі мен қазіргі таңдағы сұранысын, еліміздегі медициналық жоғары оқу орындарының оқыту бағытын, жұқпалы аурулар мамандығының жұмыс ерекшеліктерін, дәрігер мамандығының мүмкіндіктері туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, медицина студенттерінің мамандықтағы жетістіктерін айтып, жетістікке жету жолындағы өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп оқушыларының көптеген сұрақтарына жауаптар беріліп, НЗМ оқушылары дәріс соңында жеке жобаларын көрсетті, алдағы уақытта, ғылыми ынтымақтастық құрып, профессор оқытушылар оқушылардың, жеке жобаларына жетекшілік ететін болды.