Назарбаев Университетінде өткен «Озық сапалы зерттеулер әдіснамасы» атты мастер-класс
2023 ж. 23-27 қаңтар аралығында Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде озық сапалы зерттеулер әдіснамасы бойынша мастер-класс өтті. Мастер-класс жоғары білім беруді арттыру және реформалау жөніндегі инновациялық жобаларды іске асыратын Erasmus+ бағдарламасы арқылы ЕО қаржыландыратын AccelEd («Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистр және философия докторы деңгейінде мейіргер ісін дамытуды жеделдету») жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының құрамы «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к. доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы, кафедра ассистенттері, докторант Ходжакулова Умида Абдывалыевна, Әуезханқызы Дана, Юнусметов Элдор Шавкатұлы қатысты.
Мастер-класс сапалы зерттеулер жүргізу құзыреттілігін арттыру, сапалы деректерді жинау және талдау дағдыларын дамыту және сапалы зерттеулердің нәтижелерін жариялау мақсатында университеттердің профессор-оқытушылар құрамы үшін ұйымдастырылды.
Литва медицина ғылымдары университетінің (Каунас қ.), JAMK қолданбалы ғылымдар университетінің, Финляндия Або академиясының университетінің, Нидерланды Утрехт университетінің медициналық орталығының еуропалық сарапшылары және Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің сарапшылары бірлесіп мастер-класс өткізді.
Қатысушылар ATLAS.ti бағдарламасымен танысып, әр университет сатып алған бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, сапалы зерттеулердегі деректерді компьютерлік талдау дағдылары мен сапалы зерттеу әдістемесі бойынша білімдерін кеңейтті. Бұл бағдарламалық жасақтама қатысушыларға зерттеу деректерін құрылымдауға және оларды талдауға мүмкіндік береді.
Жұмыс барысында сарапшылар сапалы зерттеулерге қатысты білім мен дағдыларды үйрету үшін дидактикалық, интерактивті және қолданбалы әдістердің жиынтығын қолданды.
Қатысушылар идеяларды дәл анықтау үшін озық кодтау функцияларын қолдануға машықтанды, командада жұмыс жасады.
Дөңгелек үстелде мейіргер ісіндегі деректерді сапалы талдау үшін ATLAS.ti қолдану туралы пікірталас өткізілді, зерттеу жүргізу мүмкіндіктері туралы қызықты сұрақтар талқыланды.
Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің оқытушылары практикалық дағдылар орталығының жұмысы мен жабдықталуын көрсетті.