Назарбаев Университетінде оқу
2017 жылдың 11 және 22-ші қыркүйек күндер аралығында Назарбаев Университеті базасында Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындарының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды. ОҚМФА атынан қатысты Әліханова Халия, фармакогнозия және химия кафедрасының профессор м. а. және Ескерова Сара , «Гигиена» кафедрасының доцент м. а. Бағдарламаның қатысушылары менеждмент, оқыту мен ғылыми-зерттеудің сапасын қамтамасыз ету, бюджетті жоспарлау, атқарылуы, қаржыландыру және ЖОО-да тәуекелдерді басқару тақырыптар бойынша дәрістерді тыңдады. Адесида Илесанми және Лоретта О'Доннелл, Назарбаев Университетінің провосттары, Анар Утешова, ҚР БҒМ қаржы департаментінің директоры, Сандро Венто, «University Medical Center» Корпоративтік қорының медициналық директоры және басқа да Назарбаев Университеті, ҚР БҒМ, ҚР ДСМ бөлімшелерінің басшылары және мамандары дәріскерлер ретінде болды.
Тар шеңберде мамандандырылған тақырыптар арасында – «Азия денсаулық сақтау жүйелерін салыстыру: Қазақстанда денсаулық сақтау саласындағы реформалар». Дәрісті Фуа Кай Хон, NUGSPP қауымдастырылған профессор оқыды; «Медбикелерді дайындау жүйесіндегі реформалар» - лектор Нэнси Ститт, NUSOM бағдарламалар директоры және Паоло Колетт, қауымдастырылған профессор.
Курс ұйымдастырушылары - Назарбаев Университетіндегі Жоғарғы білім беру мектебі және Жоғарғы медицина мектебі – басқа да өзекті тақырыптар бойынша кеңейтілген бағдарламаны дайындаған.
Біздің қатысушылар белгілегендей, біліктілікті арттыру курстары түрлі салаларда жетілдіруге мүмкіндік береді, және де кәсіби тәжірибемен алмасуға өте қолайлы алаң болып табылады.