НАУРЫЗ – МОЛШЫЛЫҚ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ СИМВОЛЫ

Көктемнің жарқын және берекелі мерекесін фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының қызметкерлері фармация факультетінің 3,4 және 5 курс студенттерімен атап өтті. Мерекені қаншалықты жақсы қарсы алсаң, жыл бойында солай болады деген халық даналығы бар. Сондықтан кафедра ұжымы Наурыз мерекесін кең құшақ жайып қарсы алды: қызметкерлер наурыз көже дайындап, 12 топ студенттеріне (150 жуық) арнап мерекелік дастархан жайды.

Кафедра жыл сайын барлық студенттерді осы жарқын мерекемен құттықтап, қонақжайлылық көрсетеді. 60 литрге жуық Наурыз-көже дайындау үшін кафедра қызметкерінің әрбірі осы дәстүрлі тағамның барлық құрамдас бөліктерін алып келіп, ұжым арасындағы бірлік, ынтымақтастық және достық қасиеттерін көрсете білді.
Біздің кафедраның ақсақалы, ОҚМА профессоры Өнербай Б.А. барлық мереке қатысушыларын құттықтап, өзінің ақ батасын берді. Мейірімге толы және шынайы сөздер студенттердің тәрбиесіне, қайырымды болуына тікелей септігін тигізеді.
Кафедра меңгерушісі профессор Ордабаева С.К. көктемгі Наурыз мерекесімен құттықтай отырып, әрбір отбасына бақыт, ал студеттерге оқуда сәттілік тіледі.

Наурыз мерекесі күні барлығы жақсы көңіл-күйде болды, кездесу кезінде бір-бірін құшақтап, барлық ізгі тілектерін тілеп, жылдың жақсылыққа толы болуына ниеттерін білдірді.

11.04.2022, 11:02
457 қаралым