Н.Ә. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебіндегі санитарлық-насихаттау жұмысы
2016 жылдың 18 және 25 сәүірде Н.Ә. Назарбаев атындағы Зияткерлік мектебінде «Терапия бакалавриат» кафедрасының оқытушылары санитарлық-насихаттау жұмысын жүргізді. Бұл жұмыстың мақсаты - оқушыларының өз денсаулығына деген саналы көзқарасын қалыптастыру.
Кафедра ассистенті Б.М. Байдуллаев семіздіктің себептері, көріністері және де алдын алу шаралары туралы айтты.
Кафедра ассистенті Ж.М. Абдукаримова гепатиттің алдын алу шараларымен таныстырды.
Сондай-ақ, 2016 жылдың 27 сәүірде кафедра оқытушылары ОҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірігіп «Оқушылардың дұрыс теңдестірілген тамақтануы» насихаттау науқанын жүргізді.
«Терапия бакалавриат» кафедраcының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Бекмурзаева Э.К. дұрыс тамақтану дағдыларын игеру туралы айтып науқанды ашты.
Кафедра оқытушылары Садыкова Г.С., Сметова Р.А., Сейдалиева Ф.М., Байдуллаев Б.М. жетекшілігімен дайындалған жұмыстарын медициналық факультет студенттері Торехан Асем, Алиева Гульнисан, Серикбаева Айжан, Ерман Балжан баяндады.
Кері байланыс ретінде оқушылар арасында ұтымды, дұрыс тамақтану негіздері бойынша үздік білімін анықтау мақсатымен бәсеке-ойын бөлімі – викторина ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға жүлделер берілді.
Науқан барысында кафедра оқытушылары мектеп оқушылары мен мұғалімдердің барлық сұрақтарына жауап берді.
Науқанда көрсетілген ақпараттарда белсенді ой үдерісін талап ететін және тамақтану мәдениетін қалыптастыру үшін негізі болатын өте қызық мәліметтер, тапсырмалар мен сұрақтар қамтылды. Біздің қарым-қатынасымыздан алынған мәліметтер оқушыларға дұрыс таңдау жасайтынына көмектеседі деп үміттенеміз, өйткені тағамның сапасы туралы білімдер мен шындық – бұл біздің денсаулығымыз!