«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңды жүзеге асыру
Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» туралы 2015 жылы 16 қарашада №405-V заңына сәйкес, ОҚМФА тарапынан «Қоғамдық денсаулық сақтау – 2» кафедрасының меңгерушісі А.М. Жақсыбергенов медициналық қызметкерлерге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша оқытуды жүргізу үстінде.
Тыңдармандарды оқыту Сарыағаш және Мақтаарал аудандарына шығу арқылы жүргізілді. Қалада, №7 және №10 қалалық емхана базасында тыңдармандарды оқыту төменде көрсетілген индикаторларға сәйкес жүргізілді:
- медициналық сақтандырудың нормативті – құқықтық негіздері
- пайда болудың тарихи алғышарттары және әлеуметтік және медициналық сақтандырудың дамуы
- міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру жүйесінде азаматтардың міндетті құқығы және жауапкершілігі, медициналық көмек көрсету және денсаулығын қорғау аясында
- міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру шарттарына сай қаржыландыру ерекшеліктері. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шарттарына сай қаржылық тұрақтылықты бағалау және жекеменшік медициналық ұйымды (БМСК, стационар) жұмысқа дайындау.
Жекеменшік медициналық ұйымдардың мысалында тыңдармандарға құрастыруға міндеттер қойылды:
- медициналық ұйымдар қызметінде SWOT-талдау;
- міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыруды енгізуге дайындауға жол картасын құрастыру;
- медициналық қызметтерді ынталандыру туралы нұсқаулықты құрастыру.
«Қоғамдық денсаулық сақтау – 2»
кафедра меңгерушісі,
м.ғ.д., профессор м.а. А.М. Жақсыбергенов