«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында өткізілген дөңгелек үстел

2022 жылдың 18 наурызында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен «Сovid-19 профилактикасы мен диагностикалаудың Қазақстандағы жағдайы мен мүмкіндіктерін талқылау» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел қонақтары ретінде: «Жалпы медицина» мамандығының ББК мүшесі – Досыбаева Г.Н.; «Мейірбике ісі» мамандығының ББК мүшесі – А.А. Сейдахметова; «Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының меңгерушісі – Г.Д. Сарсенбаева; Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының «Бактериологиялық лаборатория» меңгерушісі – Қ.Д. Кульжанова; «Ғылыми клиника-диагностикалық зертханасы» меңгерушісі – Л.М. Бейсебаева қатысты.
Дөңгелек үстелде Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының «Бактериологиялық лаборатория» меңгерушісі, «Ғылыми клиника-диагностикалық зертханасы» меңгерушісі, «Жұқпалы аурулар және дерматовенерология» кафедрасының оқытушылары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың «Биотехнология» кафедрасының магистранты және «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының оқытушылары өз баяндамаларымен қатысты. Тыңдаушылар ретінде студенттер де қатысты.
Дөңгелек үстелде 8 баяндама оқылды. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндалды.
Дөңгелек үстелдің әрбір қонағы өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Дөңгелек үстел жоғары дәрежеде өткізілді. Өткізілген дөңгелек үстелде баяндалған баяндамалардан көп ақпараттар алынды.

26.03.2022, 11:16
469 қаралым