«Микробиология , вирусология және иммунология» кафедрасы және Шымкент қаласының №2 Қалалық ауруханасымен бірге ұйымдастырылған тақырыбындағы мастер класс
«Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы» , «Микробиология , вирусология және иммунология» кафедрасы және Шымкент қаласының №2 Қалалық ауруханасымен бірге 2023 жыл 24 қараша күні ұйымдастырылған «Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісіну.Заманауи емдеу инновациялары» атты тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Мастер класс мақсаты: Тұқым қуалайтын ангионевроздық ісінуді заманауи емдеу және әдістерімен танысу.
Мастер-класс ұйымдастырушылары: «Микробиология , вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Сейтханова Б.Т. мен Шымкент қаласының №2 Қалалық ауруханасының «Аллергология және пульмонология» бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты аллерголог-дәрігері Байдилдаева Гүлсім Мусрепқызы және Шымкент қаласының №2 Қалалық ауруханасының жоғарғы санатты аллерголог-дәрігері Жанжигитова Жанат Толебаевна.
Мастер-класс модераторлары: «Микробиология , вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д., профессор Сейтханова Б.Т. мен Шымкент қаласының №2 Қалалық ауруханасының «Аллергология және пульмонология» бөлімінің меңгерушісі, жоғарғы санатты аллерголог-дәрігері Байдилдаева Гүлсім Мусрепқызы.
Мастер-класс жұмысына аллерголог, дерматолог, ЖПД, терапевт, хирург, ЛОР, гинеколог, гастроэнтеролог, жедел медициналық жәрдем дәрігерлері қатысты.
Мастер класс 2 кезеңнен тұрды: 1-ші кезеңде қатысушылар 5 топшаға бөлініп берілген жағдайлық есептерді шешті; 2-ші кезең жағдайлық тапсырманы орындаған қатысушы ангионевроздық ісіну кезіндегі клиникалық ұстамалардың симптомдарын көрсетті. Мастер класс соңында, алынған ақпаратты толық бекіту мақсатында Kahoot бағдарламасында 13 сұрақтан тұратын қысқа онлайн тест өткізілді. Тест жауабының қорытындысы бойынша жылдам, әрі дұрыс жауап берген қаысушыларға жүделі орындар тағайындалды. Мастер класс соңында қатысқан қатысушыларға және тыңдармандарға сертификат берілді.