«Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасы ІІІ Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер арасындағы конференция «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні»

2023 жылдың 1 желтоқсанында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен ІІІ Халықаралық жас ғалымдар мен студенттер, резиденттер арасында «1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні» тақырыбында гибридті форматта конференция өткізілді. Конференцияға қонақ ретінде Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын – алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» Профилактикалық жұмыстар бөлімінің жоғары санатты эпидемиолог дәрігері Абдиева Фатима Тыныштықбаевна, Шымкент қаласының обаға қарсы күрес станциясының басшысы Ратбек Сайлаубекұлы,
Ғылыми-клиникалық жұмыс,докторантура және магистратура басқармасының басшысы-Жақсылық Алихан Алтынханұлы, «Терапиялық және балалар стоматология» кафедрасының меңгерушісі және «Стоматология» БББК төрайымы м.ғ.к. Кенбаева Лаура Омархановна қатысты. Шымкент қаласының ДСБ «ЖИТС-тің алдын – алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» профилактикалық жұмыстар бөлімінің жоғары санатты эпидемиолог дәрігері Абдиева Фатима Тыныштықбаевна АИВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастар бойынша Қазақстан Республикасы және Шымкент қаласы бойынша статистикалық талдауымен бөлісіп баяндама жасады. «ЖИТС-тің алдын – алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық» мамандары білім алушыларға АИТВ/ЖИТС-тын жұғу жолдары,аурудың алдын алу туралы мәліметтермен бөлісіп, ақпараттық буклеттер таратты, сонымен бірге конференция қонақтарын экспресс-тесттілеуден өткізді.
Конференция модераторы АҚ «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы»,«Микробиология,вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Сейтханова Бибігүл Толегенқызы.
Конференцияға баяндамашы ретінде Ташкент медицина академиясының филиалы Ургенч қаласы , Қарағанды медицина университеті , АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» шет ел жене жергілікті студенттері мен резиденттері қатысты.
Жүлделі орын иегерлері:


«Үздік баяндама» номинациясы жеңімпазы: Adeeba Masroor
АҚ «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы» «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 курс студенті.


«І орын» иегері Муталибхонов Сарвархон Илёсханович -Ташкент медицина академиясының филиалы Ургенч қаласы 2 курс студенті.


«ІІ орын» иегерлері: Будзевич Валентина Владимировна, Каблашев Арон Муратович «Қарағанды медицина университеті» » «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4 және 3 курс студенттері.


Ибишева Фейзия Мурадовна АҚ «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы» «Стоматология» мамандығы бойынша 2 курс студенті.


«ІІІ орын» иегерлері: Тузелбекова Айжан Мауленқызы, Жылқыбай Айдана Тойлыбайқызы АҚ «Оңтүстік Қазақстан Медициналық академиясы» "Ересектер, балалар аллергологиясы және иммунологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс резиденттері.


Барлық жүлделі орын иегелеріне сыйлықтар және баяндамашыларға «Сертификат» табысталды.
Конференция қонақтары өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушылар мен кафедра ұжымына тілектер айтылды. Баяндамалардан көп ақпараттар алынғандығы айтылды. Осындай іс-шаралар алда көп бола беруіне тілек білдірді.

04.12.2023, 15:34
283 қаралым