«Микробиология вирусология және иммунология» кафедрасы білім алушыларының жетістіктері

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Адал адам-Адал еңбек –Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласындағы ұлттық құндылықтарды республикамыздың жастары арасында кеңінен насихаттау мсақсатында өткен «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» атты республикалық байқауына «Микробиология вирусология және иммунология» каферасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор Сейтханова Бибігүл Төлегеновнаның жетекшілігімен «Педиатрия» мамандығы 3 курс В-ПО-03-21 тобының білім алушысы Рустамжанов Сардорбек Тахиржанович бағын сынады. Жүктелген міндетті абыроймен атқарып «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» номинациясының жеңімпазы атанды.
26-27 сәуір күдері Өзбекстан Республикасы Ургенч қаласында «Медицинадағы инновацияның рөлі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция және «УРГЕНЧ-2030» Медициналық ЖОО студенттері арасында І-Халықаралық олимпиада өткізілді.
«Микробиология вирусология және иммунология» кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д. профессор Сейтханова Бибігүл Төлегеновна мен кафедрасының аға оқытушысы Полатбекова Шапағат Төлегенқызының жетекшілігімен «Медицина» мамандығының ВМ-МҚА-05-22 тобының білім алушысы Спатай Мадияр Полатули микробиология пәні бойынша «УРГЕНЧ-2030» атты Медициналық ЖОО студенттері арасында І-Халықаралық олимпиадасында жүлделі 2 орын иеленді. Бұл жоғарғы көрсеткіш білім алушы мен оқытушының ғылымға деген ынтасының жемісі деп білеміз.

02.05.2024, 17:30
230 қаралым