«Мейіргер ісіндегі инновациялар»

2021 ж. 2 қазанында «ОҚМА» АҚ жанындағы медициналық колледжі мен «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ «Мейіргер ісіндегі инновациялар» тақырыбында конференция өткізді.
Конференцияны ұйымдастырушылар: «University Medical Center» корпоративтік қорының, «ҰҒТО», « Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ -ның мейіргер мамандары және «Мейіргер ісі» кафедрасының оқытушылары. Конференция модераторы Надирбекова Г.Е. «University Medical Center» корпоративтік қорының мейіргер ісі жөніндегі директоры.
Конференцияға: «Шымкент жүрек орталығы» КЕАҚ, «Облыстық клиникалық аурухана», «№1 қалалық клиникалық аурухана», «Онкологиялық диспансер», «№3 қалалық емхана», «№6 қалалық емхана», ШЖҚ «Шымкент жоғары медициналық колледжі», сондай - ақ «Ұлттық Ғылыми Кардиохирургия Орталығы» мен «University Medical Center» корпоративтік қорының өкілдері қатысты.

Конференцияға қатысушылармен сәлемдесіп «University Medical Center» корпоративтік қорының мейіргер ісінің директоры Гульнур Надирбекова «Мейіргер ісі: келешек қазірден басталды тақырыбында баяндама жасады. Конференцияға қатысушыларды «UMC» КҚ мейіргер қызметінің жаңа құрылымы, мейіргер санының науқастарға қатынасы, құрылған жұмыс топтары, дәрігерлерден мейіргер мамандарына өкілеттіліктті беру қызықтырды
«University Medical Center» және ҰҒКО корпоративтік қорының мейіргер мамандары көпсалалы команданың жұмысын ұсынды, онда мейіргер мамандары команданың негізгі мүшелері болып табылады. Технологиялардың енгізілуімен мейіргерлердің мәртебесінің жоғарылауымен қызмет ауқымының, жауапкершілік деңгейінің кеңеюі байқалады.
Конференцияға қатысушылар мейіргерлік қызметті басқару, мейіргерлердің білімін бағалау, медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мейігерлердің рөлін, мейіргерлік білім беру мәселелерін талқылады.

Конференцияның барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды. Барлық конференция қатысушыларына қызықты баяндамалар, ұсыныстар, бастамалар үшін алғыс білдіреміз және әрі қарай ынтымақтастық жасауға үміттенеміз.

06.10.2021, 12:47
658 қаралым