«Мейіргер ісі мамандандарының жұмысын жақсартудың заманауи тәсілдері» атты конференция

2022 жылдың 18 ақпанында «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасы «Шымкент жүрек» орталығында «Мейіргер ісі мамандарының жұмысын жетілдірудегі заманауи тәсілдері» тақырыбында конференция өткізді. «Мейіргер ісі» жеделдетілген білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары іс-шараны ұйымдастыру кезінде әртүрлі білім деңгейіндегі мейіргер мамандарының тәжірибелік денсаулық сақтау саласындағы мәселелерін ескерді.
Конференцияны аша отырып, кафедра меңгерушісі Сейдахметова Айзат Әшімханқызы қазіргі уақытта жиі күйзеліс болатындығын, уақыттың, ақпараттың жетіспеушілігі, тез шешім қабылдау қажеттілігі, интенсивті тұлғааралық қарым-қатынас жағдайында кәсіби тұлғаға жалпы әсер етуі күн сайын болатынын атап өтті.
Шымкент қалалық кардиологиялық орталығының бас мейіргері Нұрғалиева Әйгерім Түлікбайқызы орталықтың мейіргерлерін оқыту, жылдан жылға жоғары білімді мейіргер мамандарының көбеюі, білім беру бағдарламаларын бірлесіп жасаудың маңыздылығына тоқталды.
«Мейіргер ісі» жеделдетілген білім беру бағдарламасының студенттері мен магистранттары презентациялар, көріністер көрсетті, мазасыз науқастармен жұмыс істеу тәсілдері, медицина қызметкерлері арасында күйзеліс синдромының алдын алу шаралары белсенді түрде талқыланды. Стресс пен шаршау синдромының алдын алу туралы бейнеролик көрсетілді. Іс-шара барлық қатысушылардың күйзеліс синдромы мен стресстік жағдайларда жалпы әл-ауқатты жақсарту бойынша тренинг өткізуімен аяқталды.

21.02.2022, 21:17
480 қаралым