Менің туым - менің мақтанышым

2024 ж. 29-мамыр күні А.С. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапханасында 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күніне орай «Мемлекеттік Рәміздер: асқақ айбыным, ұлық айбарым» атты қалалық деңгейде іс-шара өткізілді. Іс шараның мақсаты – жастарға патриоттық сезімді қалыптастырып, ұлттық рәміздерге деген құрмет сезімін насихаттау болып табылады. ОҚМА профессор-оқытушылар құрамы және кітапхана қызметкерлері бірігіп ұйымдастырған іс-шарада ОҚМА «Қазақтан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Еркінбекова Асем Сейтжаппарқызы кіріспе сөз сөйлеп, кафедра оқытушылары А. Досаламанова, М. Турадилов , А. Ибраимова, Л.Махатова презентациялық баяндамалар жасады, келушілерге кітап көрмесі ұсынылды. С Іс-шара барысында Шымкент қаласындағы мектеп оқушылары қатысып, өлеңдер оқылды. Белсенді жастар мен жетекші педагогтарға «Алғыс хаттар» табысталды.

03.06.2024, 17:05
462 қаралым