«Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауы

Қазақстан ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырумен 25 қазан «Республика күніне» орай «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқауы өткізілді. Байқау 2022 жылғы 1-19 қазан аралығында екі кезеңде өткізілді: бірінші жоғары оқу орны арасында, екіншісі республикалық.
Байқаудың мақсаты: жастардың азаматтық сана-сезімін дамытуға, оның ел тағдырына қатысты сезімін және оның болашағы үшін жауапкершілікке тәрбиелеу.
Осыған орай Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен білім ордамыздың студенттері арасында «Менің арманымдағы Қазақстан» эссе байқау жарияланып, байқауға әр деканаттан үміткер 5 студенттен қатысып бақтарын сынады. Байқау қорытындысы бойынша медицина факультетінің ЖМҚБ-04-21 тобының 2 курс студенті Өсербай Әділ Болатұлы мен Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жанындағы Медицина колледжінің С-СТДҚ-11.02.2022 тобының 1 курс студенті Лесханов Әлішер республикалық байқауға жолдама алды.

 

Республикалық байқауға жолдама алған студенттерді шын жүректен құттықтаймыз!

18.10.2022, 15:36
360 қаралым