«Мен өмірге құштармын!» онлайн бейнеконференциясы

861 1

2016 жылдың 11 қарашасында сағат 14.00-де Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтырумен валеология кафедрасы және Қарағанды мемлекеттік медициналық университетінің  Я.А. Лазарис атындағы патологиялық физиология  және жалпы фармакология кафедраларымен біріге отырып, студенттік ғылыми-тақырыптық «Мен өмірге құштар мын!» атты бейнеконференциясын G-Global коммуникативтік алаңында ұйымдастырып, Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі аясында өткізді.

861 2

Конференция барысында  1-6 курс студенттері дайындаған 13 баяндама тыңдалып талқыланды. ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың  оқу бағдарламасына үш тілділікті енгізу туралы жолдауына сәйкес морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтырумен валеология кафедрасы   6 баяндама дайындады. Олардың: біреуі-ағылшын тілінде  (101 МПІ студенті Қадылбек Жібек, жетекшісі –аға оқытушы Тойымбетова Қ.А) екеуі- орыс тілінде (106 ФР студенттері: Кочкарова Диана, Искаков Ришат, жетек шісі-аға оқытушы Мурина Н.М ), үшеуі – қазақ тілінде ( 304 ФК студент тері - Әтем Балымша, жетекшісі - аға оқытушы Арынова С.М.,  Жұманазар Нұртас - жетекшісі кафедра меңгерушісі, доцент Жолымбекова Л.Д және  Абдукаримова  Қарлығаш,  жетекшісі -магистр Ізбасарова М.С) .

861 3

Қарағанды Медициналық Университетінің патологиялық физиология кафедрасы 7 баяндама дайындады: 2 баяндамасы - ағылшын тілінде, 3 орыс тілінде, 2 мемлекеттік тілде. Баяндамалардың мазмұны  қазіргі кездегі өзекті тақырыптарды: туберкулез, шылым шегу,токсикомания, жастар арасындағы өзіне-өзі қол салу беталыстарын қамтиды. Баяндамалар тек жаман әдеттер мен аурулар  туралы ғана емес, сонымен қатар, осындай құбылыстарды болдырмаудың әдістері мен алдын-алу тәсілдерін қамтиды. Бейнеконференция ойға қонымды көңілмен және болашақта ЖОО арасында осындай біріге атқарылатын G-Global алаңындағы жұмыстарды   жалғастыру туралы  ұсыныстармен аяқталды.

17.11.2016, 07:17
424 қаралым