«Мемлекеттік тілдің үздігі» атты факультетаралық интеллектуалдық олимпиада

2015 жылы 28 қарашада қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен мемелекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне деген өзге ұлт өкілдерінің ықыласын арттыру мақсатында факультетаралық «Мемлекеттік тілдің үздігі» атты интеллектуалдық олимпиада өткізілді.

653 1 1

Интеллектуалды олимпиаданының бағдарламасы негізінен студенттердің сабақ барысында өткен материалдарынан жинақталған. Сайысқа 1 курс медициналық және фармацевтикалық факультет студенттерінен құралған, өзге ұлттың өкілінен тұратын 4 команда қатысты:

1.  Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығынан «Шаңырақ» командасы;

2.  Фармацевтикалық өндіріс технология мамандығынан «Фармацевтикалық өндіріс технология» командасы;

3.  Фармация мамандығынан «Сұңқар» командасы;

4.  Фармация мамандығынан «Болашақ» командасы;

653 2 2 

Сайыс қызықты әрі тартысты өтті. Барлық үміткер топтар білімдерін сынасып, жоғары дәрежедегі дайындықтарын көрсетті. Ұлты орыс, кәріс, өзбек болса да, қазақ тілінде еркін сөйлейтін жастар өз елін, оның тілін құрметтейтін нағыз азаматтар екенін көрсете білді.

653 3 3 

Олимпиада жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша ОҚМФА ректорының  І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталды.

І орын – «Болашақ» командасы

ІІ орын - «Шаңырақ» командасы

ІІІ орын – «Сұңқар»командасы

ІІІ орын – «Фармацевтикалық өндіріс технология» командасы иеленді.

653 4 4

05.12.2015, 03:54
497 қаралым