«Мемлекеттік тіл - Қазақ тілі» патриоттық дәріс топтамасы
2023 жылдың 21 қараша күні Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен қазақ, орыс және латын тілдері кафедрасы және шет тілдер қафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырыстың 2023 жылғы 17 маусымдағы №23-01-14.1 хаттамалық тапсырмасының 3.2 -тармағына орай «Мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оның ғылым мен білім саласында қолдану аясын кеңейту» мақсатында «Мемлекеттік тіл – қазақ тілі» тақырыбында дәріс топтамасы өткізілді.
Дәріске 1 курс барлық мамандықтардан 100-ден аса студенттер қатысты.
Дәрістің мақсаты: оқу ордамыздың оқу мәртебесі белсенділігі мен оқу сапасын арттыру, жас ұрпақ бойына жоғары азаматтық және рухани адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, студенттердің интеллектуалдық және рухани өсуі, кітап оқуға, ұлттық және әлемдік мәдениетке баулу, оқу мен кітап құндылығын насихаттау.