«Мемлекеттік тіл- менің тілім»

2016 жыл 23 қыркүйек күні Шымкент қалалық тілдерді оқыту орталығы «Қазақстан халқының тілдер күні»мерекесі аясында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесі мен маңызын насихаттау мақсатында кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің арасында «Мемлекеттік тіл- менің тілім» қалалық байқауын  өткізді.

823 1

Байқауға  Шымкент қаласындағы кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінін өзге этнос өкілдері студенттерінен құрылған 11  команда қатынасты. Конкурста  ТжКББ факультеті  атынан қазақ,орыс және латын тілдері кафедрасының оқытушысы А.С.Жакипованың жетекшілігімен «Ынтымақ» командасы  өз өнерлерін көрсетті.

823 2

Байқаудың шарттары:

1.     «Сәлемдесу- әдеп басы» командалардың өзін-өзі  таныстыруы.

2.     «Өнер алды-қызыл тіл» дәстүрлі ән орындау, ұлттық өнер көрсету.

3.     «Мақал-мәтел- даналық көзі» сурет бойынша мақал-мәтелдер табу.

4.     «Терминдер әлемі» терминдердің қазақша баламаларын табу 

Қатынасушы командалардың барлығы да үлкен дайындықпен өз өнерлерін ортаға салды.  

Нәтижесінде «Ынтымақ» командасы  жүлделі 3 орынды иеленіп, III  дәрежелі дипломмен  марапатталды. 

04.10.2016, 00:14
362 қаралым