Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жылдық мерейтойына арналған «Қайраткердің қаламгерлік қажыры» әдеби кеші
2023 жылдың 28 ақпан күні Қазақ, орыс және латын тілі кафедрасы және Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жылдық мерейтойына арналған «Қайраткердің қаламгерлік қажыры» атты әдеби кеші өткізілді. Алғашқы сөз кезегін Фармация факультетінің декан орынбасары Сапақбай Мәлік Мырзаханұлы алды. Оның жазушылық қызметін қайраткерлік қызметінен, қалам сапасын қайраткерлік сапасынан бөліп алып қарауға келмейтінін айтып өтіп, кешті ашып берді.
Оның ісі, атқарған қызметі, халқының болашағына сіңірген қалтықсыз еңбегі, атап айтқанда артында мұра болып қалған әдеби-мәдени, оқу-ағарту саласында жазған құнды дүниелері шаң басқан мұрағат сөрелерінен алынып, жоғары бағасын ала бастады. Себебі, асыл азаматтың өнегелі өмірі, еліне деген сүйіспеншілігі бүгінгі ұрпақ үшін Отанға қызмет етудің жарқын үлгісі болған «Қайраткердің қаламгерлік қажыры» атты кеште қайраткердің шығармаларынан үзінділер оқылып, өмірі жайлы деректі фильм көрсетілді.
Кеш соңында алда істейтін жұмысымыз – қалың жұрттың ішінен шыққан білім қайраткерлерінің еңбектеріне сүйене отырып, өз кадрларымызды дайындауымыз қажет. Қазақ тілін жете білудің өзі үлкен мәдениет!» - деп өз ұлтының болашағын құрметтеуді талап етейік тілек айтылды.