Мейіргерлік ғылымды дамыту бойынша AccelEd Эрасмус + жобасының басталуы

2021 ж. 11-13 қаңтар аралығында «Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінде магистратура және докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру» (AccelEd) мейіргерлік ғылымды дамытуға бағытталған жаңа Эрасмус+ жобасын іске қосу бойынша старттық кездесу өткізілді.

ОҚМА АҚ ректоры профессор М.М. Рысбеков, ҚР медициналық жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің директоры Ш.У.Тасболатова, ДСДРО, "Парыз" қауымдастығының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Талқылауға Қазақстан, Литва, Финляндия, Нидерланды, университеттерінің, ҚР ДСМ, ҚР БҒМ, "Парыз" медбикелер қауымдастығының, Денсаулық сақтау ұйымдарының 100-ден астам өкілдері қатысты.

 

Жоба серіктестері жұмыс пакеттерін таныстырды:

2.1 жұмыс пакеті – Қазақстандағы мейіргерлік ғылымды жетілдіру.

2.2 жұмыс пакеті – мейіргерлік зерттеулердің әдіснамасын нығайту.

2.3 жұмыс пакеті – ынтымақтастық арқылы дәлелді мейіргер ісін нығайту.

2.4 жұмыс пакеті - басқару сапасын арттыру және жоғары оқу орнынан кейінгі мейіргерлік білім беру сапасын қамтамасыз ету.

 

Сессия залдарында жұмыс пакеттеріне сәйкес серіктестер міндеттер мен іс-шараларды, жобаны іске асыруды, жобаны іске асыру сапасын қамтамасыз етумен байланысты ықтимал тәуекелдерді, талдауды және шешу жолдарын талқылады.

Серіктестер орындалған жұмыстардың нәтижелерін үнемі жариялау үшін жобаны жылжыту және тарату жоспары туралы көзқарасын ұсынды. Жоба сайтын іске қосу, әлеуметтік беттерді құру мәселелері талқыланды. AccelEd жобасының бастапқы кездесуінің үш күні, төрт сессия залындағы жүргізілген жұмыстар жемісті болды.

1627 1

1627 2

1627 3

1627 4

1627 5

1627 6

14.01.2021, 09:14
349 қаралым