Мейіргер ісінің дамуы

2018 жылдың 16 мамыр күні «Облыстық клиникалық» ауруханасында Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі  кафедрасы, Облыстық клиникалық аурухана мейіргерлері және 101 МІҚБ тобының ұйымдастыруымен Халықаралық мейіргерлер күніне  орай «Мейіргер ісін дамыту» атты дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелді Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі  кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А.А. мейіргерлерді кәсіби мейрамдарымен құттықтау сөзімен бастады.

1153 1

Жыл сайын 12 мамырда бүкіл әлем өз өмірін ең ізгілікті және абыройлы қызметпен байланыстырған жандарды еске алады. Науқастың сауығуы тек дәрігерге ғана емес, сонымен қатар мейіргердің немесе мейіргер ағаның жауапкершілігіне, тәртіптілігіне, кәсібилігі және күтіміне байланысты. Айзат Ашимханқызы «Мейіргер ісіндегі реформалар» атты баяндамасында мейіргер ісі мамандарын даярлауда кіші мейіргерден бастап магистр деңгейіне дейін көпдеңгейлі жүйе енгізілгенін, 2019 жылдан бастап Қазақстанда «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша докторантура ашу жоспарланып отырғанын айтты.

1153 2

Облыстық клиникалық аурухананың аға мейіргерлері Умарова Н.Р., Мақұлбекова А.К. және студент Сүйерқұлова А. өз баяндамаларында  мейіргер ісіндегі білім беру және тәжірибелік денсаулық сақтаудағы өзекті мәселелерді  қозғады.

Студенттер мейіргер ісінің негізін салушы Флоренс Найтингейл өмірінен қысқаша көрініс көрсетіп, «Мейіргер ісіндегі дағдылар мен қол жуу ережесі» бойынша флешмоб өткізді.

1153 3

Дөңгелек үстел Облыстық клиникалық аурухананың бас мейіргері Жапабаева Күнсұлу Егенқызының және Кәсіптік білім беру факльтетінің деканың орынбасары Паржан Қойбағарұлының сөздерімен аяқталды.

19.05.2018, 01:58
680 қаралым