«Мейіргер ісі саласындағы сапалы зерттеулер және жобаларды әзірлеу» тақырыбындағы мастер-класс

2019 жылдың 1-5 сәуір аралығында Нұр-сұлтан қаласында, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінде «Мейіргер ісі саласындағы сапалы зерттеулер және жобаларды әзірлеу» тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер-класс жұмысына "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі Сейдахметова А.А., ассистент Серикова Б.Д. қатысты.

1348 1

Семинар координаторлары: - Йоханна Хейккиля және Ханна Хопия, қолданбалы ғылымдар университетінен, JAMK – Финляндия, Туйя Ринкинен - Лахти университетінен, Финляндия, Альберта Бетти Остерхофф - қолданбалы ғылымдар университетінен Ханзе - Гронинген, Нидерланды. Мастер-класс ProInCa жобасының (Қазақстанда «Денсаулық сақтау ісін реформалау жағдайында мейіргерлік білім беру саласындағы инновациялық әлеуетке жәрдемдесу»), жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау мақсатында инновациялық жобаларды іске асыратын Эрасмус+ қорының бір бөлігі болып табылады.

Мастер класстың мақсаты: Мейіргер ісі саласында зерттеу медициналық университеттер мен жоғары колледждердің профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін арттыру және мейіргер ісін дамыту саласындағы жобаларды басқару; қатысушылар арасында жемісті ынтымақтастықтың жақсы тәжірибесін алу. Бағдарлама негізінен оқу материалдарын дайындау үшін топтарда бірлескен жұмысты қамтыды. Мастер-класс жұмысына Қазақстанның барлық медициналық университеттері мен жоғары колледждерінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

1348 2

Ұлттық білім беру материалдарының жобасы бірлесіп әзірленді, сонымен қатар, оқу материалдарының дайындалған жобаларын жетілдіру бойынша жұмыс кеңестері ұйымдастырылды. Мастер-класс нәтижесі, 1) мейіргер ісі саласындағы сапалы зерттеулер және 2) мейіргер ісін дамыту бойынша жобалар пәнінің оқу материалдары.

1348 3

Мастер-класс аяқталған соң Сейдахметова А.А. Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің департамент директоры Нэнси Ститтпен кездесті. Мейіргер ісі саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу, зерттеулер жүргізу, ПОҚ және студенттердің мобильділік бағдарламалары, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

1348 4

08.04.2019, 23:40
331 қаралым