«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасының 7 семестр және жеделдетілген қолданбалы бакалавриат бағдарламасының 3 семестр оқытушылардың әлеуетін арттыру» атты мастер-класс
2018 жылдың 29 қаңтар мен 2 ақпан күндер аралығында Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» МҚКК базасында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасымен жұмыс жасайтын жоғары медициналық колледждердің оқытушылары үшін «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасының 7-ші семестр оқытушылардың әлеуетін арттыру», ал 5 мен 9 ақпан күндер аралығында Астана қаласы денсаулық сақтауды дамыту Республикалық Орталығында «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасымен жұмыс жасайтын жоғары медициналық колледждердің оқытушылары жедел қолданбалы бакалавриат бағдарламасының 3-ші семестрлік оқытушылардың әлеуетін арттыру» тақыптарында мастер - класс жүргізілді.
Семинарға «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасынан Б.Д. Серикова және Н.М. Тайгашева оқытушылары қатысты. Семинарды мейіргерлерді дайындау жүйесін жаңғырту бойынша сарапшы, MSc (денсаулық сақтау), мейіргер, Лахти Қолданбалы ғылымдар университетінің (LUAS) аға оқытушысы Päivi Saares және медицина ғылымдарының магистрі, мейіргер, JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) аға лекторы Hannele Tyrväinen жүргізді.
Бұл семинарға келесі колледждердің өкілдері қатысты: Астана қаласы әкімдігінің «Жоғары медициналық колледж» МҚКК, Алматы қаласының Республикалық жоғары медициналық колледжі, Батыс – Қазақстан жоғары медицина колледжі, Кызылорда жоғары медициналық колледжі, Түркістан көпсалалы медициналық колледжі, Шымкент медицина колледжі, Қарағанды медицина колледжі, Көкшетау медицина колледжі, «Павлодар медициналық жоғары колледжі» ШЖҚ РМК, «Д. Калматаев атындағы Семей мемлекеттік медицина колледжі» КМҚК.
Семинар келесі бөлімдерден тұрды:
· Дипломдық жұмысты орындау, қорғау алды және қорғау
· Таңдаған мамандығы бойынша мейіргерлік дағдыларды дамыту
· «Басқару және дәлелді мейіргерлік күтім» модулі
· Мамандандырылған мейіргерлік күтім және дәлелді практика
· Мейіргер ісі мамандарын басқару
Семинар соңында JAMK Қолданбалы ғылымдар университетінің (Финляндия) сертификаттарына қатысушылар ие болды.