Мейіргер ісі мамандарын дайындау жүйені дамыту үшін қолданылатын мастер-класстар
Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі кафедрасының қызметкерлері 2016 жылдың мамыр-маусым айларында өткен Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттері Федерациясының сарапшылары Йоханна Хейкиля және Хеннеле Титанен қатысуымен мастер- класстарға қатысты. Мастер-класстың мақсаты – ҚР-да мейіргер ісінің тұрақты даму үдерістеріне өз үлестерін қосу. Оқу арқылы мейіргер ісіндегі жетекшілік пен басқару әдістерін дәлелді тәжірибелерге сүйене отырып, мейіргер ісін ғылыми тұрғыдан дамыту мен толығырақ зерттеуге мүмкіндік береді.
Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.А.Сейдахметова 16.05 - 20.05. 2016ж. аралығында өткен «Professional Development Program for Higher Education Leaders of Kazakhstan» Назарбаев университетіндегі мастер – классқа қатысты.
Кафедра ассистенттері Н.Д.Қалменов, Ж.С.Сұлтанова, Л.М.Тағабаевалар 16.05 - 20.05. 2016ж. аралығында өткен: «Реформирование образовательного стандарта академического бакалавриата по специальности «Сестринское дело» для медицинских университетов» АҚ АМУ-де өткен мастер – класстарға қатысты.
Кафедра меңгерушісі А.А.Сейдахметова және кафедра ассистенті Н.Д.Қалменов 06.06 - 10.06.2016ж. өткен: «Разработка гибкой траектории обучения академическому бакалавриату по специальности «Сестринское дело» АҚ АМУ өткен мастер- класстарға қатысты.
Мастер-класста Еуропалық одақ талаптарының сұрақтары қаралды, сондай-ақ компетенцияға сүйене отырып, бағдарлама түзудің әдістемесін, «Мейіргер ісі» бакалавры мамандығының білім беру стандарттарының реформасы, базалық және кәсіби компетенциялар түзілді. Сонымен қатар, «Білім беру бағдарламаларының құрылымы» мейіргер ісі мамандықтарының барлық деңгейін дайындау үшін түзілді. (Техникалық және кәсіби білім, қолданбалы және академиялық бакалавриат).