«Мейіргер ісі» ұлттық білім беру бағдарламасы бойынша мастер-класс

2019 жылдың 4-8 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласының «Жоғары медициналық колледжде» HAMK және LAMK университеттерінің (Финляндия) халықаралық сарапшыларымен «Мейіргер ісі» мамандық бойынша ұлттық білім беру бағдарламасы шеңберінде оқытушы-жаттықтырушыларды дайындау» тақырыбында мастер – класс өткізілді.

1452 1

Семинарға «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі кафедрасынан» ассистент- Серикова Б.Д. қатысты. Семинарды мейіргер ісі мамандарының клиникалық дайындығын институционалдандыру мәселелері жөніндегі сарапшы Паула Викберг-Аалтонен ханым, ғылым магистрі (медицина қызметкерлерінің білімі), білім беру саласындағы лицензия, дипломдалған мейіргер, HAMK қолданбалы ғылымдар университеті; мейіргер ісі мамандарының клиникалық дайындығын институционалдандыру мәселелері жөніндегі сарапшы Вирпи Лильестрем ханым, ғылым магистрі (медицина қызметкерлерінің білімі), дипломдалған мейіргер, LAMK қолданбалы ғылымдар университеті.

Семинар жұмысына медициналық университеттердің, жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, клиникалық базалардың менторлары - мейіргерлер қатысты.

1452 2

Семинардың негізгі мақсаты – тренер-тәлімгерлердің жұмысын қолдау және дамыту және оларды түсіндіру жұмыстары және Қазақстандағы дәлелді мейіргерлік тәжірибе саласындағы тәлімгерлер үшін білім беруді одан әрі дамыту мәселелерінде дайындау болып табылады. Негізгі міндет жаттықтырушылардың тәлімгерлерді дайындауда құзыреттілігін тереңдете дамыту, тәлімгерлерді даярлаудың мазмұны мен сапасын одан әрі жетілдіру болып табылады.

1452 3

Семинар келесі бөлімдерден тұрды:

•  Қазақстандағы мейіргерлік білім беруде менторлыққа кіріспе

•  Клиникалық практикада тиімді оқыту

•  Клиникалық практикада студенттерді бағалау

•  Клиникалық практикадағы дәлелді мейіргерлік күтім және этика

•  Қазақстандағы менторларға арналған білім беру бағдарламасы

12.11.2019, 22:15
293 қаралым