«МЕЙІРГЕР ІСІ» КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУДА ЖОО МЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ СЕРІКТЕСТІГІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
2021 ж. 4 наурызда «Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ-да «Мейіргер ісі» кадрларын даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің серіктестігі тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты: Облыстық клиникалық аурухана, №1 қалалық клиникалық аурухана, онкологиялық диспансер, облыстық балалар ауруханасы, №3, 7, 13 қалалық емханалар, «Айнұры», ГККП Шымкент жоғары медициналық колледжі. Дөңгелек үстел модераторы Анартаева Мария Уласбекқызы, «ОҚМА» АҚ оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Дөңгелек үстел бағдарламасы келесі баяндамаларды қамтыды:
1. «Ұлттық біліктілік шеңберінен бастап оқыту нәтижелеріне дейін» - оқу әдістемелік орталығының басшысы А.Г. Ибрагимова
2. «Мейіргерлік білім беруді жетілдіру» - «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша білім беру комитетінің төрайымы А.А.Сейдахметова
3. «ТжКББ, қолданбалы бакалавриат деңгейіндегі мейіргер мамандарын даярлау» - медицина колледжінің директорыА.М.Кушкарова
Кездесу барысында әр түрлі деңгейдегі мейіргер мамандарын даярлау, түлектерді кәсіби қызметке дайындау, мейіргер ісін реформалау, білім беру бағдарламасын жетілдіру мәселелері талқыланды. Жұмыс берушілердің өкілдері ұсыныстар енгізді: М.А.Сұлтанов - Шымкент жоғары медициналық колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Жапабаева К.Е. - облыстық клиникалық аурухананың бас мейіргері, медициналық ұйымдардың аға мейіргерлері. Дөңгелек үстел соңында резолюция қабылданды.
