«Мейіргер ісі бойынша бірлескен қазақстандық-фин магистрлік дипломдық бағдарламасының педагогикалық және әдістемелік негіздері» атты мастер-классы
2018 жылдың 15 - 19 қаңтар күндер аралығында Алматы қаласындағы Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінде Moodle бағдарламасы бойынша «Мейіргер ісі бойынша бірлескен қазақстандық-фин магистрлік дипломдық бағдарламасының педагогикалық және әдістемелік негіздері» атты мастер-класс өтті.
Мастер - классты JAMK қолданбалы ғылымдар Университетінің келесі мамандары жүргізді: аға оқытушысы, мейіргерлерге арналған академиялық бағдарламаларды жаңғырту сарапшысы, RN, денсаулық сақтау ғылымдарының магистрі - Лина Сериола мен аралас және сандық оқыту саласының сарапшысы- Туука Кивиоя.
Мастер – класстың жұмысында келесі жоғары оқу орындар қатысты: Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және ОҚМФА-ның «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының өкілдері: асистент Э.А. Оразбаева және оқытушылар Б.Д. Серикова және Г.Ж. Исабаева.
Мастер-класстың құрамында өткізілген семинар келесі бөлімдерден тұрды:
• Электрондық оқыту: мүмкіндіктері, талаптары, құралдары
• Аралас оқыту: электронды оқытудың құрылымдық платформасынан SES пен оқу жұмыс бағдарламасына дейін.
• Магистрлік оқыту бағдарламасының Moodle бойынша электрондық оқытуы мен оның қызметтері.
Семинар барысында қатысушылар электрондық оқыту платформасындағы алғашқы курсын дайындап, мастер-класстың соңында JAMK қолданбалы ғылымдар Университеті атынан сертификаттар табысталды.