Мейірбике ісі мамандарын дайындау жүйесін дамыту
Қазақстанда жол картасы бойынша ҚР 2016-2019 жылдар аралығында мейірбике мамандарын дайындау жүйесін модернизациялау «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігімен» бекіткен бағдарлама. Осы мейірбике мамандарын дайындау реформасын іске асырудағы стратегиялық серіктесі «Финляндияның қолданбалы ғылымдар университеттерінің федерациясы (FUAS) – JAMK және LAMK» болып табылады. ОҚМФА-ның «Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі» кафедрасының меңгерушісі А.А.Сейдахметова мейірбике ісінің мамандарын дайындау жүйесінің ұлттық комиссия мүшесінің құрамына кіреді.
2016 жылдың 18 ақпанында жол картасы бойынша мейірбике мамандарын колледж деңгейінде дайындау жүйесін модернизациялауды жүзеге асыру үшін сараптамалық комиссия кеңесінде финдік сарапшылармен бірге сарапшылар комиссиясының құрамы, бағытталған бағалау бөлімдері анықталды, бағалау кезеңдерінің маңыздылылығын талдап қорытынды кеңеске жауапкершілікпен келуді сұранды.
9-11.03.2016 ж. аралығында сараптаушы кеңесі әрбір колледждің бағыттары бойынша бағалауына байланысты консенсусқа жету мақсатында үшкүндік семинар өткізді. Сарапшылар тобы колледж бағыттары бойынша талдау жүргізді. Медицина колледждерін бағалаудағы мақсат: «Мейірбике ісі» мамандарын оқытудың сапасын және олардың ары қарай медициналық жоғары мектептеріне оқуға түсіп, оқуға мүмкіндік алу, сұранысқа қажетті болу. Семинардың соңына қарай сарапшылар комиссияларының мүшелеріне сертификаттар берілді.