«Мейірбике ісі» - кеше, бүгін, ертең.

2016 жылдың 12 ақпанында «Анестезиология және реаниматология курсымен мейірбике ісі» кафедрасы Т.Орынбаев атындағы Гипербариялық оксигенация облыстық орталығында «Мейірбике ісі» - кеше, бүгін, ертең» атты семинар өткізді. Семинарға дәрігерлер, бас мейірбике  Б.Т. Турсынбаева, орталықтағы бөлімшелердің аға мейірбикелері, бөлімшелер мейірбикелері, кафедраның  профессор – оқытушылар  құрамы, магистранттар қатысты.

Модераторлар: кафедра меңгерушісі, доцент Сейдахметова Айзат Әшімханқызы, оқу ісінің меңгерушісі Қалменов Нурлан Жұманұлы.

717 1

Семинардың мақсаты: ҚР-дағы мейіргер ісінің комплексті даму жоспары, 2016-2019 жылдар аралығында ҚР мейіргерлік білім беру жүйесін жол картасы бойынша модернизациялау.

717 2

ҚР мейіргерлік жұмыстың жаңаша ұйымдастырылу қағидалары, негізгі даму бағыттары, ең үздік халықаралық тәжірибедегі мейірбике қызметкерлерімен заманауи басқару жүйесі, мейірбике ісінің даму мәселелері қозғалды. Денсаулық сақтау саласында мейірбике рөлінің өзгеруі, кейбір дәрігерлік қызмет түрін алмастыру, өзіндік  жұмыс пен өкілеттігін арттыру, мейіргер ісінің мамандарына жаңаша құзыреттілікті енгізу мәселелері семинарға қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

717 3

Мейірбикелерді РҚ аумағында және шет елдерде жоғары білім мен магистратураны қалай алуға болатындығы қызықтырды. Пилотты жоба бойынша мейірбике ісінің қолданбалы бакалавриатты, медициналық  колледждерді институционалды дамыту,   мейіргер ісі мамандарын оқытуда дамытып жетілдіру сұрақтары қарастырылды.         

19.02.2016, 00:50
554 қаралым