«Мейіргер ісінің үштұғырлығы: клиникалық практика, зерттеу және білім беру» Халықаралық конференциясы
ОҚМА командасы «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., доцент Айзат Ашимхановна Сейдахметова және кафедра ассистенттері Умида Абдывалыевна Ходжакулова, Дана Әуезханқызы, Эльдор Шавкатович Юнусметов, «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының екінші оқу жылының магистранттары Ибрагимова Кумушбегим және Кеңесбек Диана AccelEd жобасы аясында «Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде магистратура және PhD докторантура деңгейінде мейіргер ісін жетілдіру» 2023 жылғы 9-10 қараша аралығында Erasmus+ арқылы ЕО қаржыландырған және жоғары білім берудің әлеуетін арттыру және реформалау үшін инновациялық жобаларды іске асыратын Астана Медицина Университетінде өткен финалдық конференцияға қатысты.
Конференцияның бірінші күні ОҚМА командасынан «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимхановна және кафедра ассистенті Ходжакулова Умида Абдывалыевна баяндама жасады.
Айзат Ашимхановна «Ғылыми зерттеулер негізінде кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» баяндамасында ОҚМА мысалында заманауи білім беру, симуляциялық технологияларды енгізу және пайдалану, магистратураның оқу бағдарламаларындағы өзгерістер туралы: сапалы зерттеулер, жүйелі шолу, сервис-дизайн; бакалавриатта: Колкаба, Эриксон, Орем теориялары, рефлексивті күнделікті жүргізу, эссе енгізілді, Trello тақтасын, Summary, CINAHL Database, ATLAS.ti платформаларын пайдалану туралы баяндады.
Умида Абдывалыевна «Мейіргер ісіндегі сапалы зерттеулер: Қазақстандағы мәселелер, кедергілер» атты баяндамасымен сапалы зерттеулер жүргізудің маңыздылығы мен рөліне, кедергілерге, мәселелер мен оларды шешу жолдарына назар аударды. Қазақстандағы мейіргер ісіндегі сапалы зерттеулердің болашағы мен одан әрі дамуы қарастырылды.
Келесі күні Кумушбегим Ибрагимова мен Кенесбек Диана «Пневмониямен ауырған науқастардың өмір сапасы», «Ішек стомасы бар науқастарға мейіргер күтімі бойынша қарым-қатынас жүйесінің сипаттамалары» тақырыптары бойынша өздерінің магистрлік диссертацияларының аралық нәтижелерін ұсынды. Магистранттар Atlas.ti платформасында жұмыс тәжірибесі мен әсерлерімен бөлісті, соның арқасында пациенттердің деректерін сұрастыру, сұхбаттасу, кодтау, жинау және талдау дағдыларын игерді.
Конференция барысында еуропалық, қазақстандық университеттердің серіктестері, тәжірибелік денсаулық сақтау өкілдері мейіргер ісіндегі өзекті мәселелерді, шешу жолдарын талқылап, тәжірибе және идеялармен алмасты.
Конференция бағдарламасына «AccelED жобасы нәтижелерінің тұрақтылығы» атты дөңгелек үстел ұсынылды, оған қатысып сөз сөйлегендер:
Назира Усеновна Жолжанова, ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаменті мейіргер ісін дамыту басқармасының бастығы;
Анаргуль Серикпаевна Наурызбаева, ҚР ДСМ Ғылым және адам ресурстары департаменті мейіргер ісін дамыту басқармасының бас сарапшысы;
Зауре Алпановна Байгожина, Мейіргер мектебінің деканы, Астана медицина университеті;
Живиле Кепежинскене, Acceled жобасының менеджері, халықаралық бағдарламалардың үйлестірушісі, Литва денсаулық ғылымдары университеті;
Айзат Ашимхановна Сейдахметова, ОҚМА «Шұғыл медицина және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м. ғ. к., доцент;
Бауыржан Каденович Омаркулов, «Қарағанды медицина университеті» КЕАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының директоры;
Паоло Колет, Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің қауымдастырылған профессоры;
Динара Нургалиевна Махабеткулова, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ КЕАҚ мейіргер кафедрасының меңгерушісі;
Жанар Сайлаубековна Шалхарова, «Түркістан» көпсалалы жоғары колледжінің бас директоры;
Жаркынбай Баймуратович Сарымсаков, «Даналық» көпсалалы жоғары колледжінің директоры;
Наиля Бексаутовна Рузденова, Республикалық жоғары медициналық колледжінің директоры;
Гульнур Ементаевна Надирбекова, «University Medical Center» мейіргер ісі корпоративтік қорының директоры;
Айжан Нуржановна Байтуганова, Астана медицина университеті, мейіргер кафедрасының ассистенті;
Джамиля Зайнуллина, мейіргер ісін басқару және дамыту бөлімінің менеджері, Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық;
Кульзи Танашевна Абенова, №5 емхананың бас мейіргері, Астана.
Конференция қорытындысы бойынша Юрате Мациускене, жоба үйлестірушісі, Литва денсаулық ғылымдары университеті және Койков Виталий Викторович, ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор, Астана медицина университеті, қаулы қабылдады.
Конференция қатысушыларына жаңа халықаралық жобалар тілейміз!