МЕЙІРГЕР ҒЫЛЫМ БОЙЫНША АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің қабырғасында жоғары санатты дәрігер, «ОҚМА» АҚ шұғыл медицина және мейіргер ісі кафедрасының ассистенті Жанат Сәрсенқызы Сұлтанованың «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының академиялық ұтқырлығы өтті.

Ұтқырлық бағдарламасы 2024 жылдың 26 наурызы мен 06 сәуірі аралығында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Мейіргер ісі» кафедрасының ПОҚ, студенттер, магистранттар мен докторанттардың қатысуымен өтті.
Дәрістер келесі тақырыптарды қамтыды:
Мейіргер ісіндегі менеджмент және маркетинг, қарым-қатынас дағдылары және олардың мейіргер ісіндегі рөлі, мейіргер ісіндегі зерттеулердің рөлі, уақытты басқару, мейіргер мансабындағы тәуекелдер мен қақтығыстарды басқару, ғылыми белсенділіктің маңыздылығы, оқу дағдылары және ғылыми басылымдарды сыни талдау.

Сонымен қатар, Жанат Сәрсенқызы Сұлтанова университеттік клиникаға, анатомиялық мұражайға, «№2 қалалық балалар үйіне» барды, онда студенттер практикадан өтеді.

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіне университеттер арасында тәжірибе алмасқаны және мейіргер ісінің академиялық өміріне қосқан құнды үлесі үшін алғыс айтамыз!
Жемісті ынтымақтастық және барлық игіліктер тілейміз!

16.04.2024, 13:43
214 қаралым