Медициналық жоғары оқу орындарында білім беруді халықаралық негізде жаңғырту

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы «Фармакогнозия және химия» кафедрасының қатысуымен халықаралық деңгейде семинар өткізді. Семинарда Павел Йозеф Шафарик Университетінің (Словакия Республикасы, Кошице қаласы) «Медициналық информатика» кафедрасының меңгерушісі Jaroslav Majernik, аталған кафедраның оқытушылары Stanislav Balchak, Vladimir Medvec қатысты.

Jaroslav Majernik электронды оқулықты дайындау жолдары және бір орталыққа біріктіру туралы мастер-класс өткізді, өзінің тәжірибелік шеберлігін ортаға салды.

Jaroslav Majernik өзінің баяндамасы барысында Чехия және Словакия ЖОО-ның ортақ http://portal.mefanet.cz порталына сілтеме берді.

Mefanet порталы жоғарыда көрсетілген  елдердің медициналық ЖОО-ның оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарын біріктіреді. Мастер-класс қатысушылары бұл тақырыпқа қызығушылықтарын көрсетті. Бұндай  порталдың құрылуы академиялық ұтқырлық бағдарлама аясында оқытушылар мен студенттердің тәжірибе алмасуында үлкен мүмкіндіктерге жол ашады.

DSC 0074DSC 0158DSC 0176

10.10.2017, 00:17
404 қаралым