Медициналық жоғарғы оқу орнында кадрларды дайындаудағы дәстүрлер мен жаналықтар
Осындай тақырыпта Башқұрт мемлекеттік медициналық (БММУ) университетінің 85-жылдығына арналған халықаралық, оқу-әдістемелік, конференция өткізілді. Конференцияға ОҚМФА фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі Ордабаева С.Қ. және фармацевтикалық факультет деканының орынбасары Сапақбай М.М. қатысты.
Конференция қатысушылары проф. С.Қ. Ордабаеваның өзара түсіністік Меморандумына қол қойылғаннан бері, соңғы 5 жыл ішіндегі БММУ мен ОҚМФА арасындағы серіктестігінің дамуына арналған баяндамасын қызығушылықпен тыңдады.
Қазіргі таңда екі оқу ордасында фармацевтикалық факультеті студенттерінің оқу семестрінде және өндірістік тәжірибеден өтуінде академиялық ұтқырлықтың нәтижелері бар. Бірлесіп білім беру бағдарламаларын өңдеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде, сонымен қатар оқу процесіне, ғылыми-тәжірибелік және әдістемелік конференцияларға мамандар шақыру тәжірибелері бар.
Уфа қаласының Конгресс-холлында ұйымдастырылған мерекелік іс-шара қызықты өткізілді, конференция қонақтары және қатысушылары мерейтой иелерін құттықтап, құттықтау хаттарын, естелік сыйлықтарын сыйлады.
Мерейтой иелері өз кезегінде ардагерлерге, үздік ғалымдар мен педагогтарға құрмет көрсетіп, «университеттің құрметті докторы» атағын және т.б. марапаттауларын табыстады. Концерттік бағдарлама БММУ студенттерінің, олардың арасында талантты әншілер, бишілер, акробаттар, аспапшылардың қатысуымен ұйымдастырылды.
Конференция қонақтары университеттің профильді кафедраларында болып, қызығушылық тудырған сұрақтар талқыланып, бірлесіп орындалатын ғылыми зерттеулер келісімшартына қол қойылды және болашақтағы серіктестік жоспарлары болжамдалды.