Медициналық және фармацевтикалық кадрларды даярлаудағы ЖОО мен жұмыс берушілер арасындағы бірлескен жауапкершілік

«Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы» АҚ үшін өзінің қырық жылдық даму тарихында 2018 жыл маңызды жыл болды. Бұл жылы стоматология мен педиатрия бойынша клиникалық дайындықтың жаңа мамандықтары, фармацевтикалық саладағы кадрларды даярлау бойынша PhD докторантура ашылды.

Осылармен бір мезгілде жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беруде 2018 жылы білім бағдарламаларын өңдеуде модернизациялау басталды. 

Білім беру қызметтерінің ұлғаюымен қатар еңбек нарығымен де байланыс дамуда. ЖОО-да жыл сайын абитуриенттер мен жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес білім бағдарламаларын өңдеу үшін, бітірушілердің құзіреттіліктерін және оқыту нәтижелерін талқылау үшін тәжірибелік медицина және фармация өкілдерімен «дөңгелек үстелдер» өткізіліп тұрады. 

1242 1

2018-2019 оқу жылында «дөңгелек үстелдер» - жұмыс берушілермен кездесулер жаңа үлгіде өткізілді. 14 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында тәжірибелік медицина және фармацияның жалпы алғанда 56 өкілдері қатысқан бакалавриаттың, интернатураның, резидентураның 7 мамандығынан жекелеген «дөңгелек үстелдер» өткізілді. 

Клиникалық мамандықтар бойынша кадрларды даярлау ЖОО мен денсаулық сақтау ұйымдары басшылары, тәжірбиелік дәрігерлер арасында өнімді талқылау туғызды. Олар кадрларды даярлау спектрін кеңейту және оңтүстік аймақты отоларингология, офтальмология, клиникалық фармакология саласындағы мамандармен қамтамасыз ету қажеттілігін айтты. Аймақта балалар кардиохирургі, балалар ЛОР-дәрігері, ревматолог, онкогематолог, гастроэнтеролог сияқты арнайы мамандандырылған балалар дәрігерлері жетіспейтіні анық. 

Жалпы тәжірибелі дәрігерлерді даярлау үлкен пікірталас туғызды. АМСК өкілдері емханалардағы үздіксіз тәжірибелік дайындықтың мерзімін 4-6 айға ұзартуды ұсынды. 

1242 3

Шымкент қаласының мейірбикелері жаңа құзіреттіліктер, рөлдермен орта буынды медициналық қызметкерлерді даярлау мәселелерінде белсенді талқыға қатысты. Мұнда академияға қолданбалы және академиялық бакалавриатта мейіргер ісі кадрларын дайындауда жоғарғы мамандандырылғаны турады позитивті пікір айтты. Мейіргер кәсібінің 20 аса өкілдері «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты. Заманауи денсаулық сақтау саласы тек клиникалық жоғарғы деңгейде дайындалған мейірбикелер ғана емес сонымен қатар, менеджер, зерттеуші, ұйымдастырушы құзіреттіліктері жоғары дамыған мамандарға қажеттілікке ие. 

Стоматологиялық қызмет академияның білікті стоматолог-дәрігерлер жетіспейтін ауылдық жерлерге стоматологтар дайындайтынына сенімді. Сонымен қатар, профилактикалық стоматологияның маңызды бағыты ретінде балалар стоматологиясының өзектілігі айтылды. 

«Дөңгелек үстелдердегі» талқылау нәтижелері объективті, позитивті болды, олар кадрларды даярлауда, білім бағдарламаларының мазмұнына сәйкес толықтырулар енгізуге мүмкіндік берді. ЖОО үшін бұл нәтижелер жетілдіру, стратегияларды және даму мақсаттарын өзектілеуге мотивациялаушы фактор болып табылады. 

31.01.2019, 04:42
330 қаралым