“Медициналық заңнама” бойынша пәндік олимпиада

2015 жылдық 27-қараша күні “Қоғамдық денсаулық сақтау- 2’’ кафедрасында 4- курс “Қоғамдық денсаулық сақтау” және “Мейірбике ісі” мамандықтарының студенттері арасында “Медициналық заңнама” бойынша пәндік олимпиада өткізілді.

Пәндік олимпиаданың мақсаты – студенттердің, яғни денсаулық сақтау саласының болашақ мамандарының осы саладағы заңнамалар мен құқықтар және нормативтік құжаттар жөніндегі теориялық білімін одан әрі шыңдап, оны өз кәсібінде  қолдана білуге үйрету.

663 1 1

Кафедра менгерушісі, м.ғ.д. Жақсыбергенов А.М. пәндік олимпиаданы аша отырып, “Медициналық заңнаманың” қазіргі жағдайына, маңыздылығына тоқталып өтті.

663 2 2

Пәндік олимпиада барысында суденттер мамандықтар бойынша екі топқа бөлініп, топтарға “Гиппократ шәкірттері” және “Фемида ізбасарлары” деген атаулар берілді.

Іс-шарада студенттер сұрақ-жауап, ситуациялық есептер шығару, рөлдік ойындар, полиглот сияқты кезеңдерде өз білімдерін көрсетті.

663 3 3

Студенттер ситуациялық есептер шығару арқылы денсаулық сақтау саласындағы әртүрлі жағдайларда “Медициналық заңнаманы” дұрыс қолдана отырып, шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті.

Рөлдік ойын әдісі бойынша студенттер денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылық көріністерін көрсете білді.

663 4 4

«Полиглот» атты кезеңде студенттер көптілділік саясаты бойынша 3 тілде Медициналық заңнама саласындағы білімдерін көрсетті.

663 5 5

Пәндік олимпиадада студенттер жоғарғы белсенділік пен қызығушылық көрсете білді.

11.12.2015, 05:13
683 қаралым