«Медициналық колледж түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі 2020-2021 жж»

2021 жылдың 3 маусымында «ОҚМА» АҚ жанындағы медициналық колледжде акт залында «University Medical Center» корпоративтік қорымен бірлесіп колледж түлектеріне арналған «2020-2021 жж. бос орындар жәрмеңкесі» өтті.

1718 1

Жәрмеңкенің мақсаты - колледж түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету, жас мамандар үшін қызықты, перспективалы жұмыс іздеуге жәрдемдесу, жұмыс берушілердің жаңа кадрларды іріктеуі. Бос орындар жәрмеңкесіне Ұлттық Ғылыми кардиохирургиялық орталықтың мейіргер ісінің директоры Тасболатов А.Е., «University Medical Center» корпоративтік қорының мейіргер ісінің директоры Надирбекова Г.Е., медициналық колледждің директоры Кушкарова А.М., «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Серикова Б.Д., сондай-ақ колледж түлектері қатысты.

1718 2

1718 3

«University Medical Center» корпоративтік қорының мейіргер ісінің директоры Г.Е. Надирбекова «UMC» КҚ мейіргер ісінің дамуы туралы, мейіргер ісінің мамандарына дәрігерлік функционалдық міндеттердің бір бөлігін беру туралы, сырқатнаманың мейіргер тарихын жүргізу туралы, UMC мейіргерлері орындайтын – «UMC мейіргерлерін зерттеу жұмысына тарту» зерттеу жобаларын жоспарлау және жүргізу туралы, жұмыс орындарында мейіргерлердің жұмыс орнындағы үздіксіз кәсіби оқыту туралы айтып берді.

1718 4

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінің барлық қатысушыларына қызықты баяндамалары, ұсыныстары, бастамалары үшін алғыс айтамыз және одан әрі өзара ынтымақтастыққа үміттенеміз.

04.06.2021, 03:24
466 қаралым