МЕДИЦИНАЛЫҚ ФИЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ НУТРИЦИОЛОГИЯ БОЙЫНША ПРОФЕССОР А.А. УТЕПБЕРГЕНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

605 4

Елбасы бағдарламалық құжаттарда қазақстандықтардың денсаулығын сақтауда және ұзақ өмір сүруінде аурулардың алдын алу, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салтының маңызы жайлы ұдайы тоқталып өтеді.

2015жылдың  қыркүйек айының 25 жұлдызында .Шымкент қаласының опера және балет театрында Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Шымкент медициналық институты мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академияның бастамасымен профессор Алкен Ахметбекұлы Утепбергеновті еске алуға арналған «Медициналық физиология және нутрициология – денсаулық пен ұзақ өмір негізі» атты халықыралық ғылыми-практикалық  конференция өтті.

605 2

Конференция тақырыбы кәрілікке қарсы медицинаның сан алуан аспектілері, балалар тамақтануының мәселелері, фитотерапия, эстетикалық косметологияға арналды Өмір сүру сапасын жоғарылату, белсенділікті ұстану, ой және қозғалыс жұмысын жақсарту конференция жұмысына қатысқан алғашқы медициналық санитарлық көмек өкілдері – денсаулық сақтау жүйесінің негізгі компоненттерін қосатын басты бөлігі - терапевттерге, жалпы тәжірибе дәрігерлері, педиатрлар, дерматовенерологтар,  дерматокосметологтар, жұқпалы аурулар мамандарына жүктеледі.

605 1

Конференцияға қатысушылар мен  Алкен Утепбергеновтің жанұясына құттықтау сөзбен шыққандар: Қ.А. Яссауи атындағы ХҚТУ-нің ғылым және инновация бойынша вице-президенті, т.ғ.д.., профессор Т.П.Раимбердиев, ОҚМФА кафедрасының меңгерушісі, .м.ғ.д., профессор К.Е.Сисабеков, .М.Оспанов атындағы БҚМУ профессоры В.В.Касымбеков, ҚарММУ профессоры Ф.А.Миндубаева, ХҚТУ клиникасының кадрлар бойынша менеджері И.О.Байдаулетов. Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ Түрік университетінің Шымкент медициналық институты директоры, м.ғ.д., профессор Р.С.Бектурганов «Қазақ тамақтану академиясының» негізін қалаушы академик Т.Ш. Шармановтың телефонограммасын оқыды.

605 3

Пленарлық мәжілістер мен секция жұмыстарында қатысып, баяндама оқығандар:  ҚР дәрілік құралдардың фармакологиялық экспертиза Департаментінің басшысы  Р.С.Кузденбаева, ҚР ДС ӘДМ бас терапевті, профессор Т.З.Сейсембеков, алдыңғы профессорлар:  «Астана медициналық университеті» АҚ  А.А.Мусина, Р.К.Татаева, Ф.Т,Сембиева, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университеті.–м.ғ.д., профессор А.К.Катарбаев, М.Оспанов атындағы БҚМУ – профессор В.В.Касымбеков, м.ғ.к., доцент Г.И.Исаев, Қарағанды мемлекеттік медициналық институты – м.ғ.д., профессор Ф.А.Миндубаева, м.ғ.д., доцент М.К.Канкожа, Новосибирск мемлекеттік медициналық университетінен келген қонақтар – м.ғ.д., профессор Е.Г.Кандюрина, В.В.Зеленская,  м.ғ.д., профессор А.М.Дмитровский АҚШ-тан, Грузия Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінен профессор Е.П. Амиреджиби, ОҚМФА кафедрасының меңгерушісі, доцент Г.Н.Абуова, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңірінің танымал ғалымдары мен алдыңғы қатарлы дәрігерлері қатысты.

Ұзақ өмір сүру, сонымен қатар жас болып көріну – адамзаттың сан ғасыр бойы арманы, бүгінде ол арман ғылыми- техникалық өрлеудің шапшаң дамуы және медицина жетістіктерінің нәтижесінде шынайы болуда. Өткен халықыралық ғылыми-практикалық  конференция денсаулық мәселелері, ұзақ өмір сүру, тамақтану, кәрілікке қарсы медицина және анти-эйдж косметологияға арналды.

Райхан ШАЙМЕРДЕНОВА,

ОҚМФА ғылыми журналының редакторы.

01.10.2015, 04:40
589 қаралым