Медициналық білім берудегі стандартталған пациент
2017 жылдың 2-6 қазан аралығында Оқу клиникалық-симуляциялық бөлім меңгерушісі С.Е. Абдраимова және Алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем кафедрасының доценті Н.Ш.Бектибаева Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде «Білім беруде және білімді бағалауда симуляциялық технологиялар» Республикалық семинар-кеңес шеңберінде ұйымдастырылған Казань мемлекеттік медицина университетінің Тәжірибелік дағдылар орталығының меңгерушісі, профессор С.А. Булатов басқаруымен өткізілген «Медициналық білім берудегі стандартталған пациент» тақырыбындағы мастер-классқа қатысты.
Қазіргі таңда оқу-әдістемелік үрдісті оңтайландыру - өте маңызды мәселе. Дәстүрлі әдістерге қарағанда «Стандартталған пациент» әдістемесінің көптеген артықшылықтары бар. Соның ішінде, емдеу өнеріне оқытуды белсенді әдіске айналдырып, студентке алынған білім әлеуетін өз бетінше қолдануға және осы білімдерді теориялық тұрғыдан тәжірибелік дағдыларға өткізуге мүмкіндік береді.