Медицина колледжі түлектеріне диплом табысталды!

2021 жылдың 9 шілдесі күні ZOOM онлайн платформасында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен Медицина колледжінің бітіруші түлектеріне диплом беру рәсімі өтті. Іс-шараны ОҚМА ректоры М.Рысбеков ашып беріп, бітіруші түлектерді диплом алуларымен құттықтап, ақ жол тіледі.

1745 1

Ары қарай құттықтау сөзді академияның Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Анартаева Мария Ұласбекқызы, Медицина колледжінің директоры Кушкарова Алтыншаш Мухамедкалиевна жалғастырды.

1745 2

Студенттік шағында оқуда озат, тәртібі жақсы, қоғамдық шараларға белсене араласып жүрген бітіруші түлектерді Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы Е.Сәлім құттықтап, ректордың алғыс хаттарын табыстады. Бітіруші түлектерге диплом беру туралы Бұйрықпен Н.Ахметов таныстырып өтті.

1745 3

Колледждің қоғамдық өміріне белсене араласқан, белсенді уздік бітіруші Аккошова Сельвина Ханалыевна білім берген ұстаздарына, студенттерге арнап құттықтау сөз сөйледі. Іс-шара бітіруші түлектер үшін арнайы дайындалған бейнероликпен жалғасты.

Бітіруші түлектерді диплом алуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

09.07.2021, 22:14
593 қаралым