Медициналық ұйымдар басшыларының IAAR өкілдерімен кездесуі

2023 жылдың 18 сәуірінде IAAR институционалдық аккредиттеу шеңберінде «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да халықаралық аккредиттеу өкілдері мен денсаулық сақтау басқармасының, Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдардың басшылары арасында кездесу өтті.
Медициналық қызметтердің сенімін қамтамасыз ету және білім беру бағдарламаларын жетілдіру және дамыту перспективалары және еңбек нарығындағы медицина мамандарының рөлінің қажеттілігі туралы ұтымды шешім қабылдау мақсатында IAAR өкілдерімен және Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласының жұмыс берушілерімен кездесу өтті.
Денсаулық сақтау басқармаларынан:
- Нұрмашев Бекайдар Қалдыбайұлы – «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластері» қауымдастығының президенті, профессор, медицина ғылымдарының кандидаты;
Білікті мамандарды даярлау бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ мамандардың тапшылығы байқалып отырған қызметтерін атап өтті. Кездесуде «ОҚМА» АҚ студенттеріне арналған оқу процесінің түрлі аспектілері сараланды, бұл студенттерді кәсібилікке баулуға және әрбір мамандық бойынша қажетті дағдылар мен білімді қалыптастыруға ықпал етеді. Кездесу нәтижесінде жұмыс берушілерден түскен ұсыныстар мен пікірлер ескерілді, бұл еңбек нарығының талаптарына сай сапалы мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

20.04.2023, 09:05
415 қаралым