Мастер- класс: Химиядағы интеграциялау
Органикалық және аналитикалық химия пәндерін интеграциялау арқылы жаңа көзқараспен жаңа білім қалыптастырып, студенттің білімін байыту мақсатында 2019 жылдың 18 наурызында «Химиялық пәндер» кафедрасында «Карбон қышқылдары және олардың функционалды туындылары. Химиялық қасиеттері. Қышқылдық –негіздік титрлеу әдісімен карбон қышқылдарының сандық мөлшерін анықтау» тақырыбында «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының 2 курс студенттерімен «Химиядағы интеграциялау» атты мастер-класс өткізілді.
Сабақтын алдында «Химиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі х.ғ.к., профессор м.а. Дауренбеков Қанат Нарбекұлы алғы сөз алып, сабақтың маңыздылығы туралы айтып, студенттерге сәттілік тіледі.
Мастер-классты кафедра оқытушылары: х.ғ.к., профессор м.а. Алиханова Х.Б., х.ғ.к., доцент м.а. Шыназбекова Ш.С., аға оқытушы Бухарбаева А.Е. өткізді. Сабақ барысында TBL, RBL, CBL инновациялық оқыту әдістері және ақпараттық технологиялар қолданылды, жұмыс берушілердің бейне таспа түрінде берілген сұрақтарына жауап берілді. Қорытынды бағалау - компьютерлік тестілеу түрінде орындалды.
Мастер-класқа шақырылғандар арасында: фармацевттік өндірістің технологиясы ББК төрағасы, фармацевттік өндірістің технологиясы кафедрасының меңгерушісі фарм.ғ.к., проф.м.а. Торланова Б.О., т.ғ.к., проф.м.а. Орымбетов Э.М., фармация ББК төрағасы, фармакогнозия кафедрасының фарм.ғ.к., проф.м.а. Тоқсанбаева Ж.С., аға оқытушы Серікбаева Т.С., токсикологиялық және фармацевтикалық химия кафедрасының оқытушылары: х.ғ.к., проф.м.а., Асильбекова А.Ж., фарм.ғ.к., доцент Турсубекова Б.И., аға оқытушы Каракулова А.Ш., ОӘО қызметкері Құдабаева Ж.К. қатысты. Өткізілген мастер-класқа оң баға берілді.
Интеграциялық сабақ студенттерді жалықтырмайды, жұмыстың түрі өзгеру барысында біртұтастықпен тақырыпты жан-жақты дамытады. Әрине ол оқытушының шеберлігіне оқу материалдарын өткізуге сабаққа мұқият әзірленуіне байланысты. Интеграция – іс әрекетті алмастыру және бір пәннен басқасына білімді жәй келтіру емес, қазіргі ғылыми білімнің тендециясын бейнелейтін жаңа дидактикалық эквивалентті құру процесі болып табылады.