Мастер-класс. Егде жастағы адамдардағы ревматоидты артрит

ОҚМА «Жалпы практика дәрігер - 2» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамымен ЖПД интерндері мен резиденттерге бағытталған, ерте ревматоидті артритты (РА) диагностикалауда білім деңгейін жоғарылату мақсатында «Ересектерде ерте ревматоидті артрит» тақырыбында мастер-класс өткізілді.

1303 1

ЖПД-2 кафедрасының меңгерушісі м.ғ.д Досыбаева Г.Н. РА-ғак өсу үрдісі тән және қазірдің өзінде 1% -дан артық екенін, сондай-ақ амбулаториялық-емханалық кезеңде ерте және уақтылы диагностикалау мәселесі өте маңызды болғанын атап өтті. Ревматоидты артрит емінің экономикалық шығындары ЖИА-мен тең. Полиостеоартроз, қант диабеті және артериялық гипертензия фонында егде жастағы адамдар көбінесе РА алғашқы белгілеріне назар аудармайды. Терапевт дәрігерлерімен және ЖПД-мен диагноз кеш белгіленеді. Бұл мастер-класс интерндер үшін пайдалы болғандай, резиденттер үшін пайдасы мол.

1303 2

«Қарттарда ерте ревматоидты артрит» дәрісінде ЖШС «Буын аурулар медицина оратлығының» бас дәрігері Баймухамедов Ч.Т., клиникалық мысалдарда рентген суреттері мен фотосуреттерін дифференциалды диагностикалау принциптері, жасына байланысты РА-ң болу ерекшеліктерін көрсетті. Интерндерді уақытылы диагновз қою талаптары мен жасына байланысты өзгеру ерекшеліктері аса қызықтырды. 

1303 3

ЖПД кафердасының ассистенті ревмотолог Ботабекова А.К. ерте РА ауруы бар науқаста кезеңдік клиникалық талдау жасады. Жиі тәжрибеде дәрігер-терапевттер және жалпы тәжрибелік дәрігерлері егде жастағыларда ревматоидты артрит дебютін, остеоартроздың" ревматоидты артрит келбеті" болуына байланысты қателесетіні анықталды. Егде жастарда ерте РА жаңа жіктеу критерийлерін қолдану, ұқсас ауруларын ескере отырып, алдын ала мұқият жүргізілген дифференциалды-диагностикалық іздестіруді талап етеді.

1303 4

Аталған іс-шараға интернатура деканының орынбасары м.ғ.к. Баймедетов Р.Е., ОӘК жетекші маманы Кудабаева Ж.А., "ЖТД-2" кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және "терапевтік пәндер" кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Асанова Г.К., ,ЖТД интерндер (712,713,714,718,719,720,725, 726), 6 курс интерндері және резиденттер қатысты.

Бұл мастер-класс егде жастағы адамдардың ревматоидты артриттің ерте диагностикасындағы интерндердің білімін жақсартуға және мүгедектікке әкелуі мүмкін асқынулардың алдын алуға мүмкіндік береді.

06.02.2019, 03:53
335 қаралым