МАСТЕР-КЛАСС: «ЭФИР МАЙЫН КЛЕВЕНДЖЕР ПИБОРЫНДА БӨЛІП АЛУ ӘДІСІ» ЖӘНЕ «СОКСЛЕТ АППАРАТЫНДА ЭКСТРАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ АЛУ», «ҒЫЛЫМ КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

2023 жылдың 26-27 сәуірінде фармакогнозия кафедрасы, дәрілік өсімдіктердің ғылыми-зерттеу зертханасы және жобаға бағытталған оқыту әдісі бойынша білім алған 3 курс студенттері «Эфир майын Клевенджер приборында бөліп алу әдісі» және «Сокслет аппаратында экстрактивті заттарды алу» тақырыптары бойынша «Фармация» білім беру бағдарламасының 2, 3 курс студенттеріне, «Фитохимик» студенттік ғылыми үйірмесінің мүшелеріне ғылым күніне арналған мастер-класс ұйымдастырды.

Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. Орынбасарова К.К. елімізде фармацевтика саласын дамыту мақсатында Түркістан облысында өсетін дәрілік өсімдіктерді пайдалана отырып, өсімдік тектес дәрілік препараттардың үлесін ұлғайту мақсатында ғылыми зерттеулер жүргізілгенін атап өтті.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының (ҒЗЖ) мақсаты: дәрілік өсімдік шикізатының өзіндік шикізат базасын іздеу және құру, олардың негізінде тиімділігі жоғары және экологиялық таза фитопрепараттарды әзірлеу және енгізу. Түркістан облысы аумағында өсетін дәрілік өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды бөліп алу және зерттеу, олардың негізінде кең спектрлі жаңа фитопрепараттар жасау. ҒЗЖ мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін 3 ғылыми-техникалық жоба дайындалып, іске асырылды. Соңғы 10 жылда кафедрада 30-ға жуық магистрлік диссертация орындалды.

Мастер-класс координаторлары: Ибрагимова З.Е., Әбдіқадыр Н.М., Асан Б.М.
Мастер-класстың мақсаты: студенттердің ғылыми фармация саласындағы потенциалын арттыру.
Мастер-класс барысында, құрамында эфир майы бар өсімдіктерден эфир майын бөліп алу әдістері талқыланды. Соның ішінде су буымен айдау - эфир майын алудың ең кең таралған әдісі болып табылады. Аға лаборант Асан Б.М. 3 курс студенттеріне мен магистранттарға Клевенджер және Сокслет приборларының бөліктерін, жұмыс істеу принциптерін түсіндірді.
Ары қарай, жобалық бағытталған оқыту бойынша ғылыми жобаларын атқарған студенттер В-ФҚА-01-20 тобынының Әскербек А.Б., Көбей Б.Е., Серікбай М.Д., В-ФҚБ-02-20 тобынының Бахрамова Б.Д., Умбетова С.М. аға лаборант Асан Б.М. алған тәжірибесін «Фармация» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне көрсетті. Нәтижесінде 3 курс студенттері Клевенджер приборы арқылы эфир майын, Сокслет аппараты арқылы экстрактивті заттарды бөліп алды.

Өсімдік шикізатындағы (су жалбызы, Биберштейн мыңжапырағы) эфир майының құрамын Клевенджер приборында су буымен айдау арқылы анықтап, содан кейін алынған эфир майының мөлшерін абсолютті құрғақ шикізатқа қатысты пайызбен есептелді.
Сонымен қатар, шілтержапырақты шайқурай өсімдігінен экстрактивті заттар алынды. Экстракциялаудың оңтайлы шарттары анықталды.

Мастер-класс қорытындысы бойынша талқылау өткізілді, оның нәтижесінде ЖБО 3 курс студенттері, 2 курс студенттері дәрілік өсімдік шикізатынан эфир майын бөліп алуды, экстрактивті заттарды алуды үйренді. Осындай деңгейдегі мастер-класстар студенттердің ЖОО қабырғасында оқитын пәндерді интеграциялау нәтижелерін көрсететінін, алған білімдері мамандардың болашақ кәсіби қызметінде қолданатын дағдыларын сауатты меңгеруге көмектесетінін атап өткен жөн. Осы мақсатта ЖБО 3 курс студенттері оқу процесінде теориялық білімді практикада бекіту үшін ғылыми зерттеулердің элементтері, атап айтқанда студенттердің оқу процесі шеңберінде де, одан тыс жерлерде де ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы маңызды. Студенттер мен магистранттарға мастер-класс өткізу білім мен дағдыларды берудің, оқыту мен тәрбиелеу тәжірибесімен алмасудың тиімді нысаны, оның орталық буыны сабақтың барлық қатысушыларының белсенді рөлімен белгілі бір мазмұнды игерудің өзіндік әдістері болып табылады.

Сонымен қатар, 14 сәуірде «Ғылым, инновация және білім жетістіктері» атты «Ғылым күніне» орай ұйымдастырылған көрмеге қатысты. Кафедраның білім, инновация, ғылым салалары бойынша ПОҚ-ның, докторанттың, магистранттардың, студенттердің білім, инновация, ғылым салалары бойынша жетістіктері мен нәтижелерімен таныстырды.

28.04.2023, 17:18
524 қаралым