Мамандықтың маңызымен таныстыру
«Гигиена және эпидемиология» кафедрасында доцент м.а., м.ғ.к. З.И. Бейсембаева «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығының білім алушыларын, 19.03.2024 күні Шымкент қаласы Тұран аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жұмысымен таныстыруға алып барды. Басқарма басшысы М.С.Бейсенбаев осы салада атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен, мекемеге жұмысқа қабылдау тәртібімен және мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы жан-жақты түсінік берді.
Басқарма басшысының орынбасары Ш.Ә. Айботаева білім алушыларды әр бөлімнің атқаратын жұмыстарының ерекшеліктерімен, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау жолдары мен аурудың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүргізу тәртібімен, қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілермен таныстырды.
Білім алушылар санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы маманның құзіреттілігі мен мемлекеттік қызметкерлер этикасы жайлы өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарына жауап алды.
Гигиена және эпидемиология кафедрасында медициналық – профилактикалық іс білім беру бағдарламасы бойынша «Мамандыққа кіріспе» пәні оқытылады. Пәннің мақсаты – болашақ санитариялық-эпидемиологиялық қызметкерлерді маман ретінде атқаратын іс-əрекеттерінің негізгі бағыттарымен таныстыру, оларды мамандығына байланысты теориялық, тәжірибелік білімдермен қаруландыру. «Мамандыққа кіріспе» пәнінің міндеттері: - болашақ мамандарға кəсіби қызметтің ғылыми негізін беру; - өзіндік білім алу дағдыларын қалыптастыру; - оқу барысында білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын тереңдете оқытуды түрлендіру; - болашақ білікті маман ретінде моральдық-адамгершілік сапаларын қалыптастыру.